Сенбі, 23 Қараша 2024
1856 3 пікір 7 Наурыз, 2023 сағат 10:59

Смайылов: «Ауыл мектептерін компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету керек»

Оқулықтар кез келген компьютерде немесе мобильдік гаджетте қолжетімді болуы тиіс. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Мектептерде оқу процесін цифрландыру бойынша да ауқымды жұмыс жүргізілуде. Оқушыларды электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету қажет. Онда анимациялық, мультимедиалық компоненттер мен тапсырмалар көрініс табуы керек. Бұл оқулықтар кез келген компьютерде немесе мобильдік гаджетте қолжетімді болуы тиіс. Оқу процесі интерактивті, заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып құрылуы керек», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Премьер-Министр қала мен ауыл оқушыларының арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында ең алдымен, ауылдық мектептерді интерактивті және компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

«Бұл тіпті шалғайдағы шағын мектептерде де оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге мүмкіндік береді», - деді Үкімет басшысы.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394