Сенбі, 23 Қараша 2024
1591 0 пікір 7 Наурыз, 2023 сағат 11:25

Жүргізуші куәлігі онлайн оқыту арқылы берілмейді

ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті жүргізуші куәлігін беру талаптарына түзетулер енгізбек.

«Ашық НҚА» порталында қоғам талқылауына ұсынылған құжат жобасында механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі қағидаларына тиісті өзгеріс енгізу ескерілген. Құжатты талқылау 24 наурызға дейін жалғасады.

Атап айтқанда, қазір теориялық оқытуды онлайн тәртіпте жүргізуге мүмкіндік бар. Енді бұл саладағы оқыту сапасын көтеру мақсатында тиісті өзгеріс қарастырылған.

«Оқыту сапасын арттыру мақсатында онлайн және қашықтан оқыту нысандары жойылады», - делінген құжат жобасында.

Ұсынылған жаңа редакцияда әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтындай жоспарланатыны жазылған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387