Сенбі, 23 Қараша 2024
1626 0 пікір 7 Наурыз, 2023 сағат 11:36

Наурызда 10 өңірді су басуы мүмкін

"Қазгидромет" РМК гидрологиялық болжамына сәйкес наурыз айында еліміздің он өңірін су басу қаупі жоғары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мамандардың сөзінше, тәуекелдері жоғары өңірлер – Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары.

"Қазгидромет"  тау өзендерінің жағдайын ерекше назарға алып отыр.

“Ақпан айында температураның жоғарылауы және қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде жоғары еріген-жаңбырлы су тасқыны өтуі мүмкін. Наурыз, сәуір айларында метеостанциялардағы көпжылдық бақылауларға сәйкес тәулігіне бір айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына алып келуі мүмкін”, – дейді мамандар.

Жалпы, наурызда елдің басым бөлігінде негізінен жылы және жаңбырлы болады деп күтілуде.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин республика бойынша 255 елді мекенді су басуы мүмкін екенін айтқан, оның сөзінше, бұл – 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394