Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 3504 17 пікір 8 Наурыз, 2023 сағат 14:49

Ресейшіл билікке қарсы митинг: Гүржістан халқы көтерілді...

Кеше кешкілік Гүржістан Парламенті «БАҚ-тар мен ұйымдардың ашықтығына» байланысты заң жобасын қабылдамаққа жиналған. Бұл жобаға сай Ресейдегі іспеттес көптеген БАҚ пен ҮЕҰ-ларды (НПО) «шетелдік агент» (иноагент) деп танып, жауып тастау ұсынылған.

Халық бұған қарсы шықты. Бірнеше күн қатарынан қызу талқылаулар болды. Тіпті, Парламенттің өз ішінде төбелес шыққанын осыған дейін жаздық. Ал заң жобасын ұсынушы топтың артында Ресейшіл күштер тұр деген ақпарат бар.

Аталған заң жобасының авторы «Халық күші» қозғалысы. «Шетелдік агент» туралы заң жобасы Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін талқыға шыққан. Заң жобасының авторлары «Батыс Гүржістанды соғысқа араластырмақшы», - деп айыптап, заң жобасында «либерелды идеология пропогандасына» қарсы тұрамыз», - деген. Аталған заң жобасын Парламенттегі билік партиясы – «Гүржістан арманы» қолдаған. Сөйтіп, бірлескен коалиция Парламентте айқын басымдыққа ие болған.

Ал кеше кешке Тблиси жұрты бұл заң жобасына қарсы көшеге шықты. Руставели көшесіндегі Парламенттің алдына 10 мыңнан астам адам жиналған. Олар Парламентті басып кіруге тырысқан. Сөйтіп, анти-ресейлік митинг басталып кеткен. Бейбіт митинг қақтығысқа, көтеріліске ұласты десек болады.

Полиция халықты тарату үшін күш қолданды. Көз жасаурататын газ, су шашып, резеңке оқ атты. Бұл халықты одан ары ашуландырды. Парламенттің ғимараты алдында қан төгілген қақтығыс басталды.

Гүржістан президенті даулы заң жобасына вето қоятынын мәлімдеді. «Бұл заң жобасын Парламент қабылдаған күннің өзінде, мене оған вето қоямын. Бұл Гүржістанның Еуропалық интеграция бағытына қайшы», - деді. Бірақ, толқулар басылған жоқ. АҚШ Мемлекеттік департаменті бейбіт халыққа күш қолданғандардың жазасыз қалмайтынын қатаң ескертті.

Осылайша, анти-ресейлік акция Гүржістанның екінші ірі қаласы Батумиде де жалғасты. Ол жақта да мыңдаған адам көшеге шықты.

Гүржілердің митингі 10 сағатқа созылған. Күштік құрылымдар 66 адамды тұтқындаған.

ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррел: «Грузия басқа бағытқа кетіп барады. «Шетелдік агент» туралы заң ЕО құндылықтары мен стандарттарына қайшы. Аталған заңды қабылдаудың ақыры ауыр болуы мүмкін.

Грузия ЕО мен НАТО-ға үміткер мемлекет. Аталған заң жобасын қабылдау осы мүмкіндіктен біржола айыруы мүмкін. Ал жауапкершілік - аталған заң жобасын қолдау дауыс бергендерде болады», - деді.

Гүржі оппозициясының лидерлерінің бірі Ника Мелия: «Руставели көшесі Ресейшілдерге емес, нағыз Гүржілерге толғанға дейін тұратын боламыз. Біз бүгін де митингке шығамыз», - деді.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392