Сенбі, 23 Қараша 2024
1503 0 пікір 9 Наурыз, 2023 сағат 12:47

Тбилисидегі наразылыққа екінші күн

Грузия парламенті сейсенбі күні бірінші оқылымда мақұлдаған «шетел агенттері» туралы заңға байланысты басталған Тбилиси орталығындағы наразылық акциясы ушығып, екінші күнге жалғасты.

Бірнеше сағат бойы мыңдаған адам қатысқан ереуіл салыстырмалы түрде тыныш өтті. Жергілікті уақыт бойынша түн ортасына бір сағат қалғанда, наразылық білдірушілердің бір бөлігі парламент ғимаратын қоршай бастағанда жағдай ушықты.

Әлеуметтік желілерде наразылық білдірушілердің парламент ғимаратының терезелерін сындырмақ болғаны, полиция мен арнайы жасақтың су атқыштар, дыбыс шығаратын гранаталар мен көзден жас ағызатын газ қолданып жатқанын көрсететін бейнематериалдар пайда болды. Грузия билігі наразылық күш көрсету сипатына ие болды деп мәлімдеді.

Осыдан кейін арнайы жасақ наразылық білдірушілерді парламент жанындағы алаң мен маңындағы көшелерден ығыстырып шығаруға кірісті.

Түн ортасынан кейін арнайы күштер Руставели даңғылындағы акцияны таратып, Парламентке қарама-қарсы аумақты толығымен басып алды.

Грузин ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық білдірушілер арасында арнайы жасақтан қашқан кезде пайда болған газ, түтін және төбелестен зардап шеккендер көп. Қамауға алынғандар да бар.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420