Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
2443 4 пікір 10 Наурыз, 2023 сағат 12:17

Шораевтың соты: Сот басталмай жатып, шу шықты

Астана қаласының әкімшілік сотында Қазақстан халық партиясының өкілі Нұрия Балтабайқызының "ар-намысыма тиді" деген арызы бойынша мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевтың соты өтіп жатыр.

Жұма, 10 наурызда бұл жерге Арман Шораевты қолдап, жүзге жуық адам келген. Сот басталмай жатып, шу шықты, деп хабарлады оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі.

Сот өкілдері белсендіні қолдаған халыққа сотты "дәлізде мониторы бар экраннан бақылайсыздар, сол жерде отырасыздар" деп еді, жиналғандар бұған келіспеді. Олар "сот процесі өтетін залға кіріп, қатысамыз, бізді сол жаққа кіргізіңдер" деп талап етті. Бірақ жұрт талабына қарамастан залға тек ақпарат құралдары кіргізілді. Жұрт сыртта "кіргіз!" деп айқайлады.

Сотқа шағым беруші Нұрия Балтабайқызы онлайн қосылды.

Ақпаратқа қарағанда, Қазақстан халық партиясының мүшесі Нұрия Балтабайқызының сотқа шағымдануына Арман Шораевтың 2023 жылы 20 ақпанда Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы түрткі болған деп айтылады. Шағым беруші Балтабайқызы Арман Шораевты желіде "Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың суретін жариялап" оны "сатқын" деп атағанын, осы жазба аталған партия мүшесі ретінде "ар-намысына тигенін" айтқан.

Ал Арман Шораев Қазақстан халық партиясының мүшесі Ермұхамет Ертісбаев пен Ресей журналисі Владимир Соловьевтың видеосұхбатынан кейін "Бұл сатқындарға дауыс бермеңдер!" деген сөз жазғанын растайтынын және ол сөзінен таймайтынын айтқан.

10 наурыз күнгі сот отырысында Арман Шораев сотқа сөзіне "дәлел болатын видеоны" ұсынды. Ал Нұрия Балтабайқызы сотта "партия төрағасының ұстанымына қатысым жоқ, әркімнің өз пікірі бар" деді. Ол Шораевқа қарата "мен сатқын болсам, сотқа дәлел көрсетіңіз" деді.

Ал Шораевтың адвокаты Балтабайқызының өзі әлеуметтік желіде "Шораев сатқын" деп комментарий жазғанын, сол комментарийінің скриншотын судьяға дәлел ретінде көрсетті. Мұны көрген Балтабайқызы "ол менің комментарийім емес" деді.

Осыдан кейін судья "ұсынылған дәлелдерді қарап көремін" деп келесі сот отырысын 14 наурыз сағат 11-ге белгіледі.

Жұма күні әкімшілік сот маңын арнайы жасақ бақылап, ғимарат жанында автозактар тізіліп тұрды.

Бұған дейін Шораев сотты меңзеп, "билік осылайша мені сайлаудан шеттеткісі келеді" деп топшылаған. Ал билік өкілдері оның сөзіне реакция білдірмеді.

Арман Шораев биыл 19 наурызда өтетін сайлауға мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде өз-өзін ұсынған.

Биыл ақпан айында Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев "Украинадағы соғысты насихаттаушы" ретінде Батыс санкциясына ілінген Ресей журналисі Владимир Соловьевқа сұхбат берген. Бұл сұхбат қазақ қоғамында түрлі реакция туғызған.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көп жыл кеңесші болған, ақпарат министрі, Қазақстанның Грузиядағы елшісі қызметттерін атқарған Ермұхамет Ертісбаев 2022 жылы Қазақстан халық партиясына қосылып, төраға болған. Қазақстан халық партиясы – парламент сайлауына түсіп отырған жеті партияның бірі.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3292