Қазақстан Байқоңырдың бір бөлігін қайтарды
Үкіметтің «Мүлікті республикалық меншікке қабылдау туралы» қаулысы шықты.
«Осы қаулы қосымшасына сәйкес Ресей Федерациясының федералды меншігіндегі мүлік республикалық меншікке өтеусіз негізде қабылдансын», - делінген құжатта.
Осылайша, Қазақстан өзінің мемлекеттік меншігіне 1991 жылы шығарылған 11F647M «Экран-М» ғарыш кемесі, оның құрамдас бөліктері мен бөлшектерін, 1993 жылы шығарылған құрастыру-қорғау блогы, оның құрамдас бөліктері және қосалқы құралдар мен арматураны, 1991 жылы шығарылған объектілерді тестілеу жүйесі мен 1986 жылы шығарылған жүйенің екі данасын алатын болды.
Жарлық қол қойылған 2023 жылғы 3 наурыздан бастап күшіне енді.
Abai.kz