Жексенбі, 24 Қараша 2024
1117 0 пікір 17 Наурыз, 2023 сағат 10:47

Қазақстан Түркияға әлеуметтік нысан салып бермек

Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда жазды.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Біз бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз. Осы орайда, апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенімізді айтқым келеді. Бұл бауырлас Түрік халқына шынайы ілтипатымыздың көрінісі болатынына сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды.

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543