Сенбі, 5 Қазан 2024
2232 15 пікір 3 Сәуір, 2023 сағат 14:06

Тасмағамбетов: «Украина қақтығысына аймақтан тыс күштер қатысып жатыр»

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Украинадағы қақтығысқа аймақтан тыс күштердің белсенді түрде тартылатынын айтты. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 

31 наурызда ҰҚШҰ жұмыс органдары басшылығының кеңейтілген отырысы өтті, онда ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов кіріспе баяндама жасады.

Сөз сөйлеу барысында ҰҚШҰ және оған іргелес аймақтардың жауапкершілік аймағында қалыптасып жатқан геосаяси жағдайға егжей-тегжейлі баға берілді.

Сондай-ақ ұйымның жауапкершілік аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша тәсілдер тұжырымдалды.

Бас хатшы қазіргі халықаралық жағдай жаһандық және өңірлік қайшылықтардың ұлғаюымен сипатталатынын, оған басқалармен қатар, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер де қатысты екенін атап өтті.

«Осы тұрғыда Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы жағдайға егжей-тегжейлі тоқталып, олардың әрқайсысында күрделі сын-қатерлер мен қауіптердің бар екенін атап өтті. Шығыс-еуропалық бағыттағы жағдайды таныстыра отырып, ұйымның Бас хатшысы Украинадағы және оның айналасындағы қақтығыстарға аймақтан тыс күштердің белсенді араласып жатқанын атап өтті. Барған сайын жетілдірілген және күшті қару жүйелері жеткізілуде. Балтық елдерінде, Польшада және Қара теңіз аймағында НАТО-ның әскери әлеуетінің бұрын-соңды болмаған артуы байқалады», - деді Тасмағамбетов.

 

Abai.kz

15 пікір