Бүгін Финляндия НАТО құрамына қосылады
Бүгін Финляндия НАТО-ның мүшесі болады. «Біз алғаш рет НАТО штаб-пәтерінде фин туын көтереміз. Бұл Финляндияның, Солтүстік Еуропаның және НАТО-ның қауіпсіздігі үшін тамаша күн болмақ. Нәтижесінде Швеция да біраз қауіпсіз болмақ»,-деді НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг.
Бүгінге дейін Түркия екі Скандинавия елін: Финляндия мен Швецияның солтүстік алянс құрамына қосылуына қарсы болып келген. Себебі, түрік елінде террористік ұйым болып аталған Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелерін, сондай-ақ 2016 жылы билікке қарсы төңкеріс ұйымдастырды деп айыпталған Фетхуллах Гүленнің ізбасарларын осы екі ел паналатты деп айыптады.
Швеция да былтыр Финляндиямен бірге НАТО-ға кіруге өтініш берген, бірақ Түркия Швецияға рұхсат бермей отыр. Ереже бойынша НАТО-ның құрамына қосылғысы келетін елдерді ұйымның барлық мүшесі қолдауы керек.
Abai.kz