Қытайдың Қашағаннан дәмесi бар
2013 жылдың басында американдық ConocoPhillips пен норвегиялық Statoil Қашаған кен орнынан кететiнiн мәлiмдедi. Содан берi Қытай ConocoPhillips тобының Қашағандағы үлесiне көз тiгiп отыр. Бұл мәлiметтi Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаевтың өзi айтты.
Chicago Tribune басылымы бұл тақырыпқа мақала жариялады. Онда Қашағандағы үлес не қытайлық, не үндiлiк компанияға бұйыратыны жазылған.
Алайда американдық компанияның үлесiн өзгеге сату үшiн оны ең алдымен қазақ үкiметiнiң өзi сатып алуы керек. Содан кейiн ғана бұл үлестi қытайлық компанияға сатуға болатын көрiнедi.
Бiрақ министрдiң сөзiнше, Қазақстан әзiрге мұндай шешiм қабылдаған жоқ. Алайда мамыр айының соңына дейiн бұл мәселенi шешiп үлгеруi тиiс.
С.Мыңбаевтың айтуынша, қытай өз елiне тасымалдауға тиiс мұнай көлемiн өндiрiп отырған жоқ. Қытайлықтар орындалмай қалған жоспарының орнын толтырудың жолын iздестiрiп жатыр. Қытайлықтар Қашағандағы үлестi сатып алу арқылы мұнай өндiру көлемiн өсiрудi көздеген болуы мүмкiн.

Қашағандағы үлеске Үндiстанның ONGC Videsh Ltd (ONV) компаниясының да таласқысы бар. Және үндiлiк компания қытайлықтарды өзiне бәсекелес санайды. Ақырғы шешiмдi қазақ үкiметiнiң өзi қабылдайды. Әйтеуiр Үндiстанның ресми тұлғалары ConocoPhillips-тiң үлесiн ONGC Videsh Ltd (ONV) компаниясына берудi сұраған. Олай болса, қазақ үкiметiнiң кiмге бүйрегi көбiрек бұрады? Қытайға ма, үндiге ме? Мұны жақында бiлетiн боламыз. Себебi Қазақстанның үндiлерге келiсiм беру-бермеу жөнiндегi уақыты 25 мамырда аяқталады.
«Жас Алаш» газеті