«Заң қабылдау өкілеттілігі Мәжіліске толық берілді»
Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов заң шығару мәселесіне туралы айтты.
«Біздің негізгі жұмысымыз - сапалы және нақты жұмыс істейтін заңдарды қабылдау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы шақырылымның бірінші сессиясында жаңа Парламенттің алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығына тоқталған болатын. Оның ішінде Мемлекет басшысы еліміздің қарқынды дамуы үшін алдағы 5 жылда сапалы заңнамалық негіз жасауды тапсырды. Бұл үшін барлық алғышарт жасалған. Мәжіліске заң қабылдау өкілеттілігі бүгінде толық берілді. Енді жүк те жауапкершілік те бізге түседі деген сөз. Сондықтан депутаттар үйлесімді, тиімді және жүйелі жұмыс істеуі керек», - деді ол.
Палата төрағасы қазір Мәжілісте 50-ге жуық заң жобасы қаралып жатқанын атап өтті.
Abai.kz