Қалихан Ысқақ. Аз өкпенің көп сыры
(Әңгіме)
Бөкемнің ескі досы ақ самауырдың екі құлағы делдиіп дастарқан басына келгелі біраз уақыт өтті. Бөкем төрдің қақ басында малдасын құрып алып қою шайды сораптап отыр. Мұхтардың келіншегі аққұманға шайды қайта-қайта еселеп, әбігер боп жүр. Қолдарына май жаққан бір-бір үзім нан ұстап кеткен балалар да күркеге қайталап екі-үш реттен кіріп шықты.
Қиюбай кесесін баяғыда төңкеріп, есік жақтағы ертоқымның үстіне шығып ап тым-тырыс отыр. Мұхтар іргеден көк шынының қылқиған мойнынан қылғыңдыра сүйреп шығып, дастарқанға дүңк еткізіп қойып қалды. Қиюбайдың қас-қабағы да енді-енді жазылып, жадырайын деді.
- Мен отырған жерде андағы пәлеңді көрсетпе - деді Бөкем, ол ақ самауырдан көзін тайдырып әкетті де, ашық есіктен тағы да далаға сүзіліп отырып қалды. Тек жайпақ шыны ұстаған оң қолының саусақтары мен шай ұрттаған ерні ғана болар-болмас әнтек жыбырлайды. Бұл Бөкемнің бір нәрсеге ашуланайын дегені. Мұхтар "Москваның айрықша" көкмойынының ақ қаңылтыр сәлдесін сыпыра беріп, қолы бөтелкенің аузында қатып қалды.
- Бөке-ау, оны сіз ішпейсіз ғой, - деп Қиюбай қалжың айтқысы келді.
- Сен ішіп жетістіріп жүр едің?! - Бөкемнің қоңыр қой көздері шақырайып кетті. -Басқа - басқа, осы сен арақ ішкенді доғарсаң қайтеді!
- Ішпесек, ептеп татамыз да, - деді Қиюбай.
(Әңгіме)
Бөкемнің ескі досы ақ самауырдың екі құлағы делдиіп дастарқан басына келгелі біраз уақыт өтті. Бөкем төрдің қақ басында малдасын құрып алып қою шайды сораптап отыр. Мұхтардың келіншегі аққұманға шайды қайта-қайта еселеп, әбігер боп жүр. Қолдарына май жаққан бір-бір үзім нан ұстап кеткен балалар да күркеге қайталап екі-үш реттен кіріп шықты.
Қиюбай кесесін баяғыда төңкеріп, есік жақтағы ертоқымның үстіне шығып ап тым-тырыс отыр. Мұхтар іргеден көк шынының қылқиған мойнынан қылғыңдыра сүйреп шығып, дастарқанға дүңк еткізіп қойып қалды. Қиюбайдың қас-қабағы да енді-енді жазылып, жадырайын деді.
- Мен отырған жерде андағы пәлеңді көрсетпе - деді Бөкем, ол ақ самауырдан көзін тайдырып әкетті де, ашық есіктен тағы да далаға сүзіліп отырып қалды. Тек жайпақ шыны ұстаған оң қолының саусақтары мен шай ұрттаған ерні ғана болар-болмас әнтек жыбырлайды. Бұл Бөкемнің бір нәрсеге ашуланайын дегені. Мұхтар "Москваның айрықша" көкмойынының ақ қаңылтыр сәлдесін сыпыра беріп, қолы бөтелкенің аузында қатып қалды.
- Бөке-ау, оны сіз ішпейсіз ғой, - деп Қиюбай қалжың айтқысы келді.
- Сен ішіп жетістіріп жүр едің?! - Бөкемнің қоңыр қой көздері шақырайып кетті. -Басқа - басқа, осы сен арақ ішкенді доғарсаң қайтеді!
- Ішпесек, ептеп татамыз да, - деді Қиюбай.
- Сөйтіңдер, соларың жөн! Адам боласыңдар! Үлкенің де, кішің де қылқиып, осы көк суға телміріп кеп отырғандарың. Біреуің айдың-күннің аманында жұтап, семьяны да жұтатып. Біреуің тәп-тәуір абыройдан айрылып!.. Шаруа дейді ғой!..
- Шаруа істеген бір адам мендей-ақ болсын! Менен басқаның бәрі арақ ішпейді. Менен басқаның бәрі абыройлы! Бәрі әп-әдемі, бәрі жып-жылмағай! Олар өсетіндер ғой, адам болатындар ғой!..
Аядай күркенің іші абыр-күбір боп барып тына қалды. Бөкем шынаяғын төңкеріп тастады, келіні ақ самауырды тысқа көтере жөнелді. Мұхтар бөтелкеш алды да, "осы пәлені қайдан көрсетіп едім" дегендей, көңілсіз сылқ еткізіл іргеге тастай салды. Сосын дастарқандағы ірімшік-құртты, нанның тіліктерін сыпырып жинай бастады. Шал сөзінің тікелей Қиюбай мен Мұхтарға қатысы болмаса да, бір шыңдығы бар еді. Қалжың-шынын араластырып отырса да, Қиюбайдың қағытпасында әлдебір іштей ерегістің нышаны жатқандай. Ол ерегіс өзінің профессор деген екінші мазақ есімімен сабақталатын тәрізді...
Қиюбайдың осы совхозға келген бетінде әлдекімдерге жақпай қалғаны да рас. Бірақ арақ ішкені үшін емес, тыныш жатқан әлдекімдердің шырқын бұзып, сонан күні бүгінге дейін шетқақпай кергені де бар. ...Ол алыстағы үлкен бір мал совхозында бас мал дәрігер боп істеп жүрген жерінен аулым деп, ағайыңдарым деп аңсап келді. Ол ешкімнен атақ та, абырой да қарызға сұраған жоқ, лауазым да, үлкен қызмет те тілеген емес, шағын бөлімшеге қатардағы мал дәрігері боп орналасты. Бірақ артынан келгеніне қатты өкініп, тілін тістеді. Опырып жеп, сұғынып кіріп кететін әлдебір "абыройлы" басшысымақ бар, оның маңында айналып-үйіріліп жатып жастық, иіліп төсек болуға әзір тұратын жандайшаптар да аз емес. Біреуіне мал керек, біреуіне ас керек, сондағы майлы кемікше жұлқылайтыны ортаның мүлкі.
- Әй, Қиюбай, ағайыңды адамбыз ғой, пәлен шопанның отарынан төрт-бес басқа акт жасай салшы, есебін келтіре салармыз кейін. Бұған ол әуелде таң қалды, кейін бақса езінің құрдастары, әріптестерінің үйреткен, солардың дәндеткен ауруы екен. Бұған да ғажап қалып қойды. Бірақ бастық түгіл құдай бол, тісіне сыздық салмады.
- Әй, Қиюбай, өзімсің ғой, қоймадан бір қойдың етін алдым, соның салмағын бес қадақ деп жазғыза салшы, кейін есебін табармыз.
- He деп?!
- Е, пәлен шопаннан бір тоқты өліп кепті ғой, соның салмағын 30-40 қадаққа көтер де, жұмысшылардың ортақ қазанына жібергізе сал. Бастық жеген құнан қойдың салмағы бес қадақ та, ауырып өлген арық тоқты 30-40 қадақ және оның шандырын бел талдырып, білек сыздатқан жұмысшылардың созғылауы керек. Жегізгені былай тұрсын, басшысымақтардың өңешінен өтіп кеткен талай-талай майлы құйрықтарды қайта құстырып, тіпті анау мынау тоқты-торым емес, он шақты жылқыны түгімен асап қойған алпауыттардың желкесінен қысып отырып, суырып алуға тура келді. Сосын-ақ Қиюбай "әлдекімдерге" жақпай қалды, оған деген атақ-абырой да ту сыртын беріп, айналып өтетін болды. Қайдағы қиын жұмысқа Қиюбай барады, қайдағы пәле-жаласы шаш-етектен шым-шытырықта шырғаландап Қиюбай жүреді. Ал "әлдекімдер" тап-таза, бастыққа да шырайлы, басқаға да әп-әдемі. Тіпті болмай бара жатқан соң бір күні той-томалақты пайдаланып, ағайын сүрей болғансып, оған қасақана арақ беріп, "ойбай, Қиюбай араққұмар" деген әңгіме таратты. Соның кесірінен ол төрт-бес ай жұмыссыз жүрді. Ызаланған жас жігіт басқа жаққа кетіп қалсам ба деп те ойлады. Бірақ кір жуып, кіндік кескен туған елді, туған жерді тастап кету оңай ма?
Оның үстіне қайтсем де әділдікке жетем деп үміттенді. Қуалап жүріп қызметіне қайта орналасты. Тағы да жайына жүрмей, "әлдекімдерді" түртпектей жүрді. Ұсақ малды тарттыруда Арменияның атақты профессоры Байбурцянның әдісін кіргізді. Мал шаруашылығында ұлан-қайыр пайдасы барлығын көрген соң қолданды. Бұл қозылардың тез жетілуіне, бұрынғы әдіспен тартылған малданайына бес килограмм салмақты артық қосуына себебін тигізе, оның үстіне ветеринарлардың еңбегін де жеңілдетті. Алайда әлдебір салақтардың кесірінен мал ішінде арамза кетіп, оған да Қиюбай "күнәқар" боп шыға келді. Қолма-қол Байбурцянның әдісі тыйьшып тасталды да, Қиюбайдың "профессор" деген кекесін атағы ғана қалды. Жас жігіт сонда да куні бүгінге дейін бас тартпай, қайсарлықпен өз ісін қош көріп, күнделікті тәжірибесінде іске асырып келеді. Жұмыр басты пендеге жұқпайтын әдет бар ма, аумалы-төкпелі көңіл күйдің сәтінде, біреуден сөз естіп, "әлдекімнен" қиянат шеккен шақтарда "көкмойынға" көрші қонған сәттері де болыпты. Бөкемнің әлгі бір ашулы сөзінің төркіні осы бір өңгімеден сабақталған еді...
- Құй мынаған ана пәлеңнен, бұл үйден шығатын түрі жоқ қой, - деді Бөкем Мұхтарға. Мұхтар бөтелкеге қол соза қоймады. Қиюбай әлі сол ердің үстінде, бірдемені бұлдіріп алған тентек баладай жер шұқылап, танауды анда-санда бір тартып, босағада отыр. Бөкемнің қас-қабағын байқап қалды ма, келіні де, бала-шаға да үйге кіруге жасқаншақтап тыста жүр. Күрке іші тым-тырыс, бәрі де ауыздарына су толтырып алғандай ұрттары торсия қапты.
Қас қарайып, көз байлануға айналды. Есік алдындағы жер ошақтың оты өлеусіреп барады. Қара сиыр итініп түгінге кіріп кетіпті, танауын пыш-пыш тартып қойып, былш-былш күйсеп тұр. Қой әлдеқашан жусап қалған.
- Осы ертең де жұмыс бар шығар-ау, - деп Бөкем үй ішіндегі үнсіздікті өзі бұзды. Бұл оның "жолға шықпаймыз ба" дегені еді. Қиюбай оны еміреуіннен сёзіп, тысқа шыға
жөнелді.
.. .Алтайдың пышақтай қырынан сүзіліп ай шықты. Мұжылған күлшедей бір шеті кетиіңкіреп қапты, бетіне айғызданып ноқта түсіпті. Ағаш пен бұта-қарағанның кәлеңкесі зорайып, жер беті ала-құла боп, ойлы-шұңқыр көбейіп кеткен тәрізді. Әлгінде ғана түн қараңғылығын қақ жарып, қара жолдың үстінде үздік-создық зырқырап жатқан машиналардың қос жанары солғын тартып, ай нұрынан жасқанғандай жыпылық-жыпылық етіп, кірпіктерін дамылсыз қағып барады. Тау жақтан ескен самал тентек өзеннің сарылын дар еткізіп бірде құлағыңның түбіне ап келеді де, бірде алысқа қуалап, құмықтырып апарып тастайды. Шөп дым тартып, жаңғырық азая бастаған. Дарақы таргақтардың дарқылы, қарасу бойындағы бақалардың шұрылы, шөп арасындағы шілдектің шырылы, бұған ат тұяғының дүсірі мен жүгеннің сылдыры қосылды, осының бәрі түн тірлігінің ғажап бір тынысы секілді.
Бірқыдыру артта қалған қотаннан гурс етіп мылтық атылды. Мұхтардың қара берденкесінің даусы, іңір қараңғылығында ауыл торыған ит-құсты құр дәрімен бір жасқап алатын шопандардың әдеті. Бұл да түн баласының әдепкі тірлігі. Қарағайлы құба белдің жон-арқасы дір еткендей болды. Бір сәтке тарғақтың дарқылы да, шілделіктің шырылы, бақаның шұрылы да тына қалғандай, тым-тырыс. Тек Қиюбайдың торы азбаны ғана жол жиегіндегі бидайық басын шалулап келеді.
- Немене, ұйықтап келемісің? Аттың басын тежеп отырмайсыңба, былай, - деп, Бөкем жақтырмай қалды.
- Өзі де бір ашқарақ неме, - деді де, Қиюбай торы азбанды шаужайлай бастады. Алға түсіп кеткен Бөкемнің құла жорғасы жалғыз аяқ сүрлеумен жыланша сумаңдап ілестірер емес. Әудем жер ұзап барып тізгінін тартты да,Бөкем Қиюбайға бұрылды:
- Әлгі Мұхтарға қозыларды жатқызбай, бала-шағаға қуалата бер деп айтып кетпегенімізді қарашы, жас төл, ұмасына қан ұйып, көтерілмей қалмаса жарар еді.
- Өзі де білетін шығар, сәби емес қой.
- Білсе жөн-ау. Севдердің сәбиден қайбір озғандарың бар. Бәкем алдына бұрылып, аттың басын емін-еркін қоя берді. Талтақ құла жорға артқы екі аяғымен сүрлеу жиегіндегі
қалың жусанды сырп-сырп еткізіп майпандай жөнелді. Алпыстан асса да, ат үстінде қаздиьш тіп-тік отыратын Бөкемнің ықшамды денесі тіпті шайқалмайтын тәрізді. Торы азбанның бел ортасына отырып алып, бірде аяңдап, бірде ырқ-ырқ желдіріп, Қиюбай келеді салпақтап. Дамылсыз ербеңдеген бір тұтам аяқтары болмаса, торғайдай денесі алакеуім ай жарығында тіпті кішірейіп, мыжырайған кепкасының төбесі аттың қос құлағының арасылан қылт етіп бірде көрініп, бірде көрінбей кетеді. Ай туғасын аспан ақ шағырмақтанып, жұлдыздар көк тұңғиығына квтеріліп, алыстап кетті. Алтайдың ак бас шыңдары да дөңкиіп-дөңкиіп зорайып барады. Терістен соққан салқын жел қойнаудан қоналқы таппаған ақ үлпек бұлттарды шопанның жұртыңда қалған жүн-жүрқаның жұрынтығындай шың басынан арлы-берлі қуалап жүр.
- Көшке ерген күшік құсамай қатарға ілессей, - деді Бөкем күре жолға түскен соң Қиюбайға. Ол торы азбанды борбайлап-борбайлап жіберіп, ырқылдатып қуып жетті.
- Бөке, жарысасыз ба? - деді.
- Менімен жарысып қайтесің. Біз шал болдық, қатарыңнан қалмасаң бопты да. Тегі, адам мінер атын да өз мінезіне қарай таңдайтын болуы керек. Бөкем көш соңына салақтал ергенді жақтырмайтын адам, өз тұсының, заманының алдыңғы сапынса, ел-жұртқа бас-көз боп, қашанда оқ бойы алда келе жатқан кісі. Оның әшейінгі сөз арасы қып айтқан "қатарыңнан қалмасаң бопты да" деген әзіл-шыны аралас бір ескертпесінде де үға білген пақырға басалқалық ақы2 бар. "Қартайғанда кәрі боз жорға шыға берсе" қандай жақсы. Менің көз алдыма сонау бір шақта бала-шағаны, қаспақмұрын інілерін өгізге мінгізіп ап, алдына сап томпылдатып қуалап келе жататын Бөкем елестеді. Жанашыр жарқын мінезі, үлкенге де, кітттіге де қамқор болған адал көңілі, ел үшін, көп үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, түн қатып жүретін тынышсыз қарекеті бүгін де дәл баяғысындай. Ол бүгін де шаруаның торысындай бірде елпек, бірде аяңдай беретін бір інісін "қатарыңнан қалма" деп томпылдатып қуалап келеді...
...Ирелендеген қара жолдың үстінде қатар сызып екі адам келеді. Бірінің басын қырау шалып, иегі ақжағал болғанмен, бірінің сақал-мұрты жаңа тебіндеп, түбітиек атанғанымен әрқайсысының осынау қара жолдың үстінде арқалап бара жатқан жүгі бар; ауыр болсын, жеңіл болсын, әйтеуір шамасынша бөліп-жарысып келеді. Жасына да қарамай, уақытына да қарамай, ежелден замандас боп келе жатқан адамдар. Мүмкін, өмірдің осынау бір ұзақ соқпағында бірінің мезгіл арқалатқан ауыр жүктен қабырғасы қайысқан шығар, бірақ артыңда тыныс берер інісі бар ғой; мүмкін, бірінің тар соқпақта бұлталақтай беретін шалдуарлығы, желөкпелігі де болған шығар, бірақ алдында ақыл айгар, айғайшыға жүрер ағасы бар ғой. "Балам басыма шықты, інім өзекке тепті" деген пеңденің өзегін өрт жаласын...
1963 жыл.