Сенбі, 23 Қараша 2024
2120 1 пікір 7 Сәуір, 2023 сағат 12:28

Қаңтар оқиғасы: Департамент басшысы сотталды

Талдықорған сотында лауазымды адамның билігі мен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша Сәбит Құрманәлиевка қатысты іс қаралды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі).

Сәбит Құрманәлиев Алматы облысы ҰҚКД бастығы кезінде өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, 2022 жылғы 5 қаңтардағы оқиғаларды ескере отырып, өз лауазымдық міндеттерін елемей, жеке құрамға департамент ғимаратын қорғау жөнінде шара қолданбауға, әкімшілік ғимараттан кетуге, қызметтік және құпия құжаттаманы жоюға және тұрғылықты жерлеріне тарауға заңсыз бұйрық берген, нәтижесінде кейіннен ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеп соқтырды («құпия» деген белгіге байланысты басқа мән-жайды жария ету мүмкін емес).

Сот үкімімен Сәбит Құрманәлиев 362-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 10 жыл құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазым атқару құқығынан және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан Президентіне Сәбит Құрманәлиевті ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396