Жұма, 15 Мамыр 2026
2307 5 пікір 7 Сәуір, 2023 сағат 13:09

Қазақстанда мұнай базалары тексерілмек

Қазақстанда жанармай жетіспеушілігін алдын алу үшін аймақтарда мұнай базалары тексерілмек. Бұл туралы елдің энергетика министрлігі хабарлады.  

"Ел бойынша дизель майының жалпы қоры 308,56 тоннаны құрайды. Бұл 2023 жылдың 1 қаңтарындағы қордан 59 мың тоннаға көп. Сонымен бірге аймақтардағы бірқатар май құю станцияларында дизель майын сатуға шектеулер болып жатыр", - деп жазылған мәлімдемеде.

3 сәуірде энергетика министрлігі бензиннің жоғарғы бағасын 11%, дизель майын 20% көтеруге шешім қабылдаған. Бұл шешім мұнай жетіспеушілігінің алдын алуымен түсіндірген. Мекеме мұны көрші елдерге көлеңкелі жолмен экспорттау салдары деп атады.

4 сәуірде энергетика министрлігі "газ бағасының төмен болуы оны бейберекет жұмсауға алып келетінін" жеткізіп, Алматыда және бірнеше аймақтарда автогазды қымбаттату жоспарын жариялаған.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2736
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1854