Сенбі, 23 Қараша 2024
1132 0 пікір 10 Сәуір, 2023 сағат 11:28

Жыл басынан бері 4 жарым мың қандас оралды

Биылғы жыл басынан 4,5 мың астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың тең жартысы (52,4%) – Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 13% – Ресейден және 3,7% басқа елдерден келді.

Олар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кішілер – 22,3% және зейнеткерлер 8,6% құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5% - жоғары білімді, 39,9% - орта кәсіби білімді, 36,7% - жалпы орта білімді және 4,8% білімі жоқ.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435