Ресей қазақ мұнайына тағы тыйым салды
Каспий құбыр консорциумы қазақстандық мұнайды тиеуді тоқтатты, деп жазды Азаттық.
Ақпаратқа қарағанда, 10 сәуірден бастап теңіз терминалы қондырғылар арқылы мұнай қабылдауды тоқтатқан. Консорциум өкілдері “жоспарға сай” үзіліс екенін айтты. Қазақстан энергетика министрлігі түсініктеме бермеді.
Экономикасы шикізатқа тәуелді Қазақстан мұнайының 80 пайызы ресейлік осы құбыр желісі арқылы халықаралық нарыққа шығарылады. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін аталған құбыр желісінің жұмысы жиі тоқтайтын болған.
Abai.kz