Жұма, 15 Мамыр 2026
2668 0 пікір 14 Сәуір, 2023 сағат 13:08

Ресей мен Қазақстан шекарасында өрт шықты

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас өңірі – Алтай өлкесінің Михайловск ауданында өрт шықты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. 

Тілсіз жауды сөндіруге арнайы пойыз тартылды. Пойыз арнайы техникаларды 120 тонна сумен қамтамасыз етті.

Өрт Қазақстан аумағынан келген. Оны сөндіруге жел кері әсерін тигізіп жатыр. Әзірше жалын 1 мың гектар аумақта оқшауландырылды. Өрт сөндірушілер оны 800 адам тұратын Бастан ауылынан 9 шақырым жерде өшіре алды.

Тілсіз жаумен күреске 82 маман, 42 техника, соның ішінде тікұшақ, 4 автоцистерна, 24 өрт сөндіру техникасы, 8 трактор жұмылдырылған. Алтай өлкесі Табиғатты қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, жағдайды екпінді жел қиындатып отыр.

Жалын Бастан ауылына және оған жақын орналасқан басқа да елді мекендерге жетті. Барлық тұрғынға өрт қаупі ескертілді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2761
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1876