Елімізде 361 шетелдік миссионер тіркелген
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі елде тіркелген діни миссионерлердің санын жариялады.
Мәлімет ведомствоның ресми сайтында берілген. 2023 жылдың І тоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстан аумағында ресми тіркелген 428 миссионер бар. Оның 361-і шетелдік болса, 67-сі Қазақстан Республикасының азаматы.
Сондай-ақ министрлік 2023 жылдың І тоқсанына дейін ресми тіркелген діни ғибадат ғимараттарының саны туралы мәлімет ұсынып отыр.
Ресми дерек бойынша елімізде барлығы 3710 тіркелген ғибадат үйі бар. Оның 2779-ы ислам бағыты дінін ұстанатындарға, 303-і православтарға, 115-і католиктерге, 155-і баптистерге, алтауы иудаистерге, біреуі биддустерге қызмет көрсетеді. Тіркелген ғибадат үйлерінің әр конфессияға бөлінген саны төмендегі кестеде берілген.
Abai.kz