Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3821 7 пікір 15 Сәуір, 2023 сағат 16:38

Мамин «белбалаларының» артынан Ресейге кете ме?

Көк байрағымызды көкте желбіретуге тиіс хоккейшілеріміз Қазақстанның көк құжатынан бас тартты. Олар енді ұлттық құрама сапында Қазақстанның намысын жыртпайды. Олар Ресейді таңдады.

...Биыл хоккейден Әлем чемпионаты Финляндия мен Латвияда өтеді. «В» тобына түскен Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі ойындарын Ригада өткізеді. Ал финндер мен латыштар да өз шекарасынан Ресей мен Беларусь азаматтарына виза бермейтіні алақанға салғандай анық. Яғни, Қазақстан құрамасындағы «қосмекенділерге» де қосақ арасында «қамшы тигелі» тұр.

Сол себепті бүгін біздің ұлттық құрама Әлем чемпионатына баратын Ұлттық құрама бапкерлерін жасақтады. Беларусьядан келген Андрей Скабелка ұлттық құраманы бүкіләлемдік форумға бастап бара алмайды. Сондықтан хоккейшілерімізді Ригаға Ғалым Мәмбетәлиев бастап баратын болды. Оған Ерлан Сағымбаев, Александр Шимин, В.Высоцкий және А.Березенский көмектеседі екен.

Бұған ертоқымын бауына алып тулаған кейбір «хоккейшілеріміз» Қазақстанның намысын қорғаудан, тіпті, Қазақстанның өзінен бас тартып жатыр. Алексей Маклюков мен Егор Петухов, Дмитрий Шевченко мен Павел Акользин және Антон Сагадеев көк түсті төлқұжаттан бас тартып, Ресей азаматтығын таңдапты.

Қазақстан хоккей федерациясының Президенті бұрынғы Премьер-Министр Асқар Маминнің «белбалалары» бұл шешімдерін отбасылық жағдаймен байланыстырыпты. Ал Мамин өзі бұған дейін қанша қаржы төлеп құрамада ұстаған бесеуінің соңынан мөлиіп қарап тұра ма, әлде көк құжатты тәрк етіп, ол да кете ме? Үнсіз қалғанына қарағанда, біздің долбарымыз шындыққа жанасатын секілді...

Асылан Қуанышұлы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5656