Сенбі, 5 Қазан 2024
2229 0 пікір 17 Сәуір, 2023 сағат 11:09

Жаңаөзенде апат: 11 адам жараланып, 1 адам қаза тапты

Жаңаөзенде көппәтерлі үйде газ жарылып, 11 адам зардап шекті. 1 адам көз жұмды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 5.00-де болған.

«Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ жарылысы болды. Соның салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға орнында өрт болған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Үйінді астынан 2000 жылғы зардап шеккен әйел мен 1994 жылғы қайтыс болған азаматтың денесі шығарылды»,- деп мәлімдеді ТЖД.

Медициналық көмекке 12 адам жүгінген, оның ішінде 8 бала бар. 5 адам ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта жедел жұмыстар жалғасып жатыр. Оқиғаға 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылған.

Маңғыстау облысының ТЖД-де жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.

 

Abai.kz

0 пікір