Сенбі, 5 Қазан 2024
1437 0 пікір 17 Сәуір, 2023 сағат 12:45

Жаңаөзендегі апат: қаза тапқандар саны артуда

Жаңаөзендегі үйінді астынан тағы 3 адамның денесі табылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар үйінділерден тағы үш адамды тірідей алып шықты: ер адам, әйел адам және бір бала.

Қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесін алып шықты.

Айта кетейік, бүгін таңда Жаңаөзендегі 2 шағын аудандағы 12 пәтерлі 2 қабатты үйде жарылыс болған еді.

Медициналық көмекке 12 адам жүгінген, оның ішінде 8 бала бар. 5 адам ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта жедел жұмыстар жалғасып жатыр. Оқиғаға 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылған.

Маңғыстау облысының ТЖД-де жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.

 

Abai.kz 

0 пікір