Сенбі, 5 Қазан 2024
1436 0 пікір 17 Сәуір, 2023 сағат 12:51

Астана әуежайында 13 рейс тоқтатылды

Астана халықаралық әуежайында 13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі кейінге қалдырылды.

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Ұшақтардың кідіруіне елордадағы ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтың кеш келуі себеп болып отыр.

«Жолаушылардан жолда абай болуларын және рейс жөніндегі ақпараттарды әуе компаниялардың байланыс орталықтарынан білулерін сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, демалыс күндері астанаға айлық нормаан асатын қар түсіп, барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне қосылды.

 

Abai.kz

0 пікір