Сенбі, 5 Қазан 2024
1491 4 пікір 17 Сәуір, 2023 сағат 14:28

Елімізде ресейлік компаниялар көбейіп келеді

Қазақстанға Ресейлік өндіріс компаниялары көптеп көше бастаған. Бұл туралы lsm.kz жазады. Қазіргі күні 7 компания жұмыс істеп тұр.
Алдағы уақытта тағы бесеуі іске қосылмақ.

Петропавлда Ural Motorcycles компаниясы;
Қостанайда кілемшелер өндіретін RIVAL компаниясы;
Астанада OZON логистикалық паркі;
Ресейлік Wefry картоп өңдеу зауыты мен Briskly тоңазытқыш және жылу жабдықтарын өндіретін кәсіпорындары ашылмақ. Ал «Пермь жүк техникасы» зауытымен де келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін, министрлік елге 21 компания көшкенін хабарлаған. Олардың ішінде АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Австралия, Франция, Түркия, Литва, Қытай инвесторлары бар.

 

Abai.kz

4 пікір