Сенбі, 5 Қазан 2024
1227 4 пікір 18 Сәуір, 2023 сағат 15:13

Астанада АЭС салу мәселесі талқыланды

Президент Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында техникалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға және елімізде АЭС салуға қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.

Президент атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және ядролық қауіпсіздік режимін нығайту мәселелерінде Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Өз кезегінде Рафаэль Гросси: «Біз түрлі салада көп істі бірге атқарып келеміз. Денсаулық сақтау саласынан бастап ядролық энергетиканы дамытуға қатысты болашақ бағдарламаңызға дейін көптеген мәселе бойынша Сізбен пікір алмасатыныма өте қуаныштымын», – деді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры.

 

Abai.kz

4 пікір