Сенбі, 23 Қараша 2024
2507 0 пікір 19 Сәуір, 2023 сағат 13:13

Қырғызстан әліпбиін реформаламақ...

Қырғыз әліпбиіне реформа керек. Бұл туралы Қырғыз Жогорку Кенешінде (парламент отрысында) депутат Нұржігіт Қадырбеков мәлімдеді.

Депутат қазіргі қырғыз әліпбиімен тілді үйрену қиын екенін атап өтті, өйткені онда сөздерді дұрыс айтуға және тануға арналған дыбыстар жоқ, деп хабарлайды 24.kg.

«Бұл өте маңызды мәселе. Оңтүстіктегі қырғыздар өзбекше сөйлеп, солтүстіктегі қырғыздар қазақ пен татар тілінде сөйлеп жүр. Сөздерді дұрыс айту үшін алфавитте кейбір әріптер жетіспейді. Қазақтарда екі А және екі К әрпі бар»,-деді ол.

Мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Қаныбек Осмоналиев депутаттың ұсынысына келісті. Ол мемлекеттік тіл бойынша кеңес құрылғанын хабарлады.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қырғыздар араб алфавитін пайдаланды. 1930 жылдары латынға ауысып, 40-жылдардың басында кириллицаға көшті.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5469