НАТО бас хатшысы Украинаға келді
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Киевке іс-сапармен келді.
Столтенбергтің Украинаға келетіні жайлы ресми хабар болмады және Украина басшылығымен келіссөздерінің тақырыптары туралы да ресми түрде айтылған жоқ.
НАТО Бас хатшысы келерінің алдында «Кремльдің ядролық қаруды қолдану қаупіне қарамастан, Солтүстік Атлантикалық одақ Украинаны қолдауды жалғастырады. Ресей біздің қауіпсіздігімізге тікелей қауіп төндіреді», – деген болатын.
Abai.kz