ҰҚК: 4 адам терроризм бабымен сотталды
Елдің оңтүстігінде теракт ұйымдастырмақ болған шетелдік ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жазды.
Ведомствоның мәліметінше, ер адам қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолданбақ болған.
«Бұдан бөлек, астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды. Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді. Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды»,—деді комитеттің баспасөз қызметі.
Abai.kz