Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4452 0 пікір 2 Мамыр, 2013 сағат 08:01

Сәкен Алдашбаев. Ұлы Отан соғысы ма, екінші дүниежүзілік соғыс па?

Соңғы кезде кешегі фашистермен жан алысып, жан беріскен соғысты Екінші дүние жүзілік соғыс дейміз бе, әлде Ұлы отан соғысы дейміз бе? - деген сұрақ көпті мазалап кетті. Себебі де түсінікті. Ол соғысты Ұлы отан соғысы дейін десе, Ресей бүгінде қай қазақстандықтың отаны болмақ? Ал олай демейін десе, қанша арыстарымыз сол үшін жанын пида етіп, қанша аналарымыз бейнет кешіп, балалары жоқшылықты көрді. Әрине, мұның барлығы сол кездегі Ұлы отан үшін, кемел болашақ үшін болатын.

Ал, енді, бүгін қазағымның еншісі бөлек болған соң, Ұлы отан соғысы деп айтуға аузы бармай отыр. Бұл да заңдылық.

Соңғы кезде кешегі фашистермен жан алысып, жан беріскен соғысты Екінші дүние жүзілік соғыс дейміз бе, әлде Ұлы отан соғысы дейміз бе? - деген сұрақ көпті мазалап кетті. Себебі де түсінікті. Ол соғысты Ұлы отан соғысы дейін десе, Ресей бүгінде қай қазақстандықтың отаны болмақ? Ал олай демейін десе, қанша арыстарымыз сол үшін жанын пида етіп, қанша аналарымыз бейнет кешіп, балалары жоқшылықты көрді. Әрине, мұның барлығы сол кездегі Ұлы отан үшін, кемел болашақ үшін болатын.

Ал, енді, бүгін қазағымның еншісі бөлек болған соң, Ұлы отан соғысы деп айтуға аузы бармай отыр. Бұл да заңдылық.

Отан - сөзі, отбасы, отағасы, отау деген секілді от жағып, түтін түтетіп, өзің қоныстанып, жылынатын, астанатын от  сөзінен шығатыны айтылады. Демек ол сенің отбасыңнан басталады. Ендеше, соның шекарасын белгілейік. Сіздің отбасыңызға тиесі есік алдында жер бар. Бала-шағаңмен бірге пайдаланатын, өзің билік жүргізетін шегі бар аймақ. Сол жерге көршіңіз кіріп кетсе әуелі отағасы, одан соң қалғандары араласып, жерді бермеуге жанталасасың. Бұдан үлкейсе бір әулеттік егістік алқапқа барасыз. Бір шалдың ағайынды бес баласы үлкен жерді алып егін салады. Оның да белгілі бір шегарасы бар. Ал оған біреу рұқсатсыз кіріп кетсе, тайлы тұйяғыңа дейін бермеуге атсалысасың. Одан әрі ауыл жері де солай. Мәселен бір ауылдың жеріне екінші ауылдың адамдары ретсіз дүрен сала алмайды ғой.  Бұл аймақ біздің ауылдың аймағы болады. Оған өзге ауыл адамдары егін еге алмайды. Ал сол кезде осы ауылды екіге бөліп жіберсе, бөлініп шыққан ауыл адамдары бұрынғы ауылды менің ауылым демейді емес пе? Тіпті бұрынғы ауыл аймағына егін егіп, мал жая алмайды. Міне, дәл осы секілді. Біз де кезінде Кеңес одағының  шекарасына ендік, оған рұқсатсыз кіргендерді жау санадық, ешкімді сол ала жіптен аттатпауға тырыстық. Себебі біздің шекарамыз - Кеңеске қарайтын аймақтар болды. Яғни, сол кездегі ұлы отанымыз еді. Сол ұлы отан үшін отқа қарсы ұмтылдық.

Енді бүгінде отауымызды бөлек тіккен соң, Кеңес аймағы отан болмай қалды. Ендеше, сол соғысқа «Ұлы отан соғысы» деп атай береміз дерсіз, даурығып. Бұл талқылайтын іс емес, тіпті күлкілі деуге болады. Себебі қай соғыс отаның үшін болмайды. Кім айтты, бірінші дүние жүзілік соғыс отанды емес, басқа нәрсе үшін болды деп. Ал сол отан болған Ресей кезінде біздің қас жауымыз болды. Махамбет бастаған ел Ресейден қазақ жерін, отанын қорғады. Алайда билік Ресейге көшіп еді, отан Ресей болып шыға келді. Яғни, сенің отаның - сен бағынатын биліктің аймағы. Яғни, сен бағынатын билік кіммен соғысса, сен содан отаныңды қорғайсың.

Ендеше, қалаңыз, қаламаңыз ол соғыс - Екінші дүние жүзілік соғыс деп аталады. Ал оған қосымша «Ұлы отан соғысы» деген мәртебе береміз бе, бермейміз бе дегенге келетін болсақ, «иә», деп жауап беруге болар еді. Себебі сол кездегі отанымыз үшін отқа түстік. Демек бұл ардагерлер үшін отан соғысы. Біз үшін  екінші дүние жүзілік соғыс. Сондықтан мұны дау ету, талқылаудың керегі шамалы.

Уақыт өте келе бұл соғыс - Ұлы отан соғысы деген атаудан айырылып, Екінші дүние жүзілік соғыс деген атпен қалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019