Қай өңірлерде автогаз қымбаттады?
Елімізде кей аймақтарында автокөлік газының шекті бағасын көтеру туралы бұйрық күшіне енді.
«Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрыққа енгізілген өзгерістерге сәйкес, 1 литр автогаздың құны мына аймақтарда өседі:
Алматы қаласында – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;
Алматы облысында – 70-75 теңгеден 75-80 теңгеге дейін;
Абай облысында – 60-65 теңгеден 65-70 теңгеге дейін;
Шығыс Қазақстан облысында – 60-65 теңгеден 70-75 теңгеге дейін;
Солтүстік Қазақстан облысында – 70-75 теңгеден 75-80 теңгеге дейін;
Қалған өңірлерде автокөлік газының бағасы өзгеріссіз қалады.
Abai.kz