Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2762 0 пікір 3 Мамыр, 2013 сағат 06:46

Шәріпқан Қайсар. «Евразиялық» үштаған қашуға бет бұрды ма?

Евразия банкі саудаға түсуде. Оның қожайындары «Евразия» айдарын тағынған «жаңа қазақтар»  - Машкевич, Шодиев, Ибрагимов екені белгілі.

Банктің өз бастамасымен Қытай мен Европадан әлеуетті қожайын іздеулеріне қарағанда әлдебір тықыр таянды ма дерсің. Ол тықырдың кімге таянғанын болжау әзірге ертерек: мәселе атақты үштағанда ма, әлде оларды тайраңдатқан жер бетіндегі «құдайда» ма?! Әзірге банк саудасы кулуарда пыш-пыштық сипатта. Артық ақпарат шығарылмауда.

Астыртын ақпарат көзі банк жағдайының жаман еместігін, елдегі алғашқы ондыққа кіретінін айтып отыр.

Тағы бір ақпарат көзінің уәжіне қарағанда,  «алпауыт үш тағанның» Қазақстандағы кен-темір өндірісі мен қаржылай активтерінің сатылатыны анық көрінеді.  Соған қарағанда олар үшін кемеге су кіргендей әсер бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377