Сенбі, 5 Қазан 2024
1522 1 пікір 2 Мамыр, 2023 сағат 13:44

Қазақстанда 220 мыңға жуық адамның сапалы ауыз суға қолы жетпей отыр

Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыз су жобаларының уақытында аяқталмауының кесірінен 220 мыңға жуық адамның сапалы суға қолы жетпей отырғанын айтты.

«Мұның айқын мысалы ретінде Ұлытау облысындағы Есқұла су құбырын, Қызылорда облысындағы Талап су құбырын, Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов су құбыры мен Соколов су құбырының 2-ші кезеңін айтуға болады»,-деді ол.

Сондай-ақ Смайылов Ақмола облысы су тазарту құрылыстарын 10 жылдан бері аяқталмай, созбалаңға салып келе жатқанын атап өтті.

«Кей өңірлерде су тазарту құрылыстарын салу жұмыстары созылып кетті. Ақмола облысында бұл жұмыс 10 жылдан бері бітпей келеді. Іздестіру-барлау жұмыстары да уақытында басталған жоқ. Қарағанды облысында конкурстық рәсімдер енді ғана өткізіліп жатыр»,- деді Үкімет басшысы.

 

Abai.kz

1 пікір