Сенбі, 23 Қараша 2024
1498 0 пікір 3 Мамыр, 2023 сағат 14:53

Қазақстан мен Тәжікстан кәсіпкерлерге көмек көрсететін кәсіпорын құрмақ

Қазақстан мен Тәжікстан сауда-саттықты дамытуда бизнесмендерге жәрдем көрсететін бірлескен кәсіпорын құрмақ. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Ершов айтты. 

«2021 жылы сауда миссиясы барысында біз 80 млн АҚШ долларынан астам сомаға бес экспорттық келісімге қол қойдық. Өткен жылы 100 млн АҚШ доллары сомасына алты құжатты рәсімдедік. Биыл да сауда миссиясын өткіземіз. Онда біздің нысаналы индикаторымыз 120 млн АҚШ долларын құрайды», - деді Аян Ершов.

Ол Тәжікстанның қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар ел бола отырып, Қазақстанмен әсіресе мұнай-химия және фармацевтика салаларында ынтымақтастықты дамытуға үлкен мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

«Алдын ала талдауға сәйкес, кәсіпорындарымыз Тәжікстанға 170 млн АҚШ долларынан астам сомаға шикізаттық емес экспорттың қосымша көлемін ұлғайта алады. Вице-премьерлер атап өткен екі миллиард доллар көлеміне біз алдағы екі жылда жете аламыз деп ойлаймын. Жекелеген жобаларды іске асырудан бастап, біз экономикадағы жүйелі әріптестікке көштік. Бұған бүгін қол қойылған бір миллиард доллардан асатын келісімдер дәлел бола алады. Әріптестерімізбен Тәжікстанда бірлескен кәсіпорын құру туралы тұжырымдамаға қол қойдық. Бұл кәсіпорын екі тараптың бизнесмендеріне өзара сауданы дамытуға, сондай-ақ үшінші елдермен сауданы дамытуға жәрдемдесетін болады», - деп түйіндеді сөзін палата төрағасы.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371