Сенбі, 23 Қараша 2024
1615 0 пікір 4 Мамыр, 2023 сағат 10:54

Гүлмира Сатыбалды 7 жылға сотталды

Елордада Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Іс №2 Байқоңыр аудандық сотында қаралды.

«Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 389-бабы 4-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сонымен қатар, Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі 1,8-тармағы және осы баптың 125-бөлігінің 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», - деді судья Кемеңгер Имашев үкімді оқи отырып.

Судья Г. Сатыбалдыға Қылмыстық кодестің 58-бабы 3-бөлігі негізінде барынша қатаң жаза тағайындалғанын айтты.

«Гүлмира Сатыбалдыға 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 49-бабы негізінде Президентке мемлекеттік награда - «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін», - делінген сот үкімінде.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергеуге алынған еді. Жәбірленушіге келген залал сомасы – 6,6 млрд теңгеден асады.

Сондай-ақ, Гүлмира Сатыбалдының сотқа дейінгі тергеу кезінде шекара асып кетпек болғаны белгілі болды.

Ол сотта айыбын ішінара ғана мойындады.

Айта кетсек, прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Гүлмира Сатыбалды айыптаулармен келіспейтінін айтқан.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371