Сәрсенбі, 7 Қазан 2026
2734 0 пікір 4 Мамыр, 2023 сағат 10:58

Дүниежүзілік банкке жаңа президент сайланды

Дүниежүзілік банктің жаңа президенті болып үндістандық-америкалық кәсіпкер Аджай Банга сайланды. Бұрын ол ұзақ уақыт MasterCard компаниясын басқарған, деп хабарлайды Euronews.

63 жастағы кәсіпкер бұл орынға жалғыз үміткер болды. Дегенмен, шешім бірауыздан қабылданбады: Ресей өкілі қалыс қалды.

Дәстүр бойынша Дүниежүзілік банк президенті Америка азаматы болады, оны АҚШ президенті ұсынады.

Банктің бұған дейінгі басшысы Дэвид Малпас қызметтік мерзімінен 1 жыл бұрын кетпек. Оның нақты себебі ресми айтылған жоқ.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 850
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1139