Сенбі, 23 Қараша 2024
1665 2 пікір 4 Мамыр, 2023 сағат 14:18

Қазақстан Тәжікстаннан жеміс-көкөніс өнімдерін жүйелі түрде импорттамақ

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 500 млн доллардан асқан. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен мәлімдемесінде айтты.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша біздің екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 40% өсіп, 500 млн доллардан асты. Қазіргі жағдайда мен мұны жақсы көрсеткіш деп санаймын. Қазақстан Тәжікстан үшін бидай мен ұн жеткізетін ірі серіктестердің бірі болып есептеледі. Сонымен қатар, бізде өсімдік майы, макарон өнімдері, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер экспортын ұлғайтудың қосымша көздері бар. Өз кезегінде Қазақстан Тәжікстаннан жеміс-көкөніс өнімдерін жүйелі түрде импорттауға мүдделі», - деді Мемлекет басшысы.

Бүгінде Қазақстан мен Тәжікстанның жылдық сауда айналымы 1,4 млрд долларға жеткен.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371