Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3085 0 пікір 8 Мамыр, 2013 сағат 04:46

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын жүргізуге қажет 40 млрд теңге мөлшеріндегі бюджет қаржысын толықтай игерді

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ («АНК» АҚ)-ға агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау бойынша шараларды жүргізуге, республикалық бюджеттен көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына 40 млрд теңге бөлінді.

«Бүгінде қаржы 100% игерілді. Бұл ақшаның есебінен Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 2 млн 200 мың гектардан астам егіс аумақтарына дән сеуіп, жинай алады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алған қаржысы арқылы жанар-жағармай материалдарын; ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен материалдарды; минералдық тыңайтқыштарды; өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алу; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтандыруда сақтандыру жарналарын төлеу және өнімді отырғызу мен жинау бойынша өзге де қажетті шараларды уақтылы жүзеге асыратындай қауқарға ие болады», - деп хабарлады Аграрлық несие корпорациясында.

Компания дерегіне сүйенсек, корпорация несиелік серіктестіктер (НС) жүйесі арқылы көктемгі егін егу жұмыстарын несиелеу аясында, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден өтінімдер қабылдауды жалғастыруда.

«Аталған бағдарлама бойынша 2 млрд 933 млн теңге сомасына 409 өтінім мақұлданып үлгерді. Қазіргі кезде НС жүйесі арқылы жалпы алғанда 2 млрд 328 млн теңгеден астам сомаға 289 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушіге несие берілді, ол өз кезегінде 475 мың гектардан астам егіс аумақтарына дән сеуіп тастауға жол ашады», - дейді АНК баспасөз қызметі.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - ҚР Үкіметінің қаулысымен 2011 жылы құрылған компания. Негізгі мақсат - Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы аграрлық саланы индустрияландыру мен әр тараптандыруға атсалысу. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371