Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 2844 18 пікір 5 Мамыр, 2023 сағат 13:25

Өткен 5 жыл жазушыға не берді?

Осы мамырдың белортасында Қазақстан Жазушылар одағының құрылтайы өтіп, онда Одақтың төрағасы сайланады деген хабар бар. Осы орайда біз шығармашылық бірлестіктің басшысы Ұлықбек Есдәулетов мырзаға хабарласып, алдағы Құрылтайға қатысты сұхбат беруін сұраған едік.

«Сұхбат қайда қашар дейсің, алдымен соңғы бес жылда Одақ не тындырғанын ДАТ-тың оқырманы біле жүрсін, мынау ақпаратты жариялауға берейін» деп, Одақ төрағасы төмендегі есеп-мақаланы ұсынды (қаз-қалпында).


2018 жылғы 26–30 тамыз күндері Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Ақ ордалы Астанам» атты Халықаралық поэзия фестивалін өткізді. Бұл поэзиялық кешке әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі ақындар келді. Бес күнге созылған Халықаралық поэзия фестивалінде әр ақынға өз өлеңдерін оқытып, арнайы телеарналарға бейнероликтер жасақталды. Барлық қатысушылар Астана қаласының көрікті жерлерін аралап, Баянауыл, Бурабайға сапар шекті. Көптілді Халықаралық поэзия кеші ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Әлем ақындары Қазақстанды жырлайды» атты шығармалар жинағы да жарыққа шықты.

2018 жылы 20–21 қыркүйекте «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форумын өткізді. Бұл форумға Ұлыбритания, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркия, Моңғолия, Тәжікстан, Латвия, Молдова, Башқұртстан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды Еуразия құрлығының 30 мемлекетінен 40-қа жуық қаламгер қатысты. Сонымен қатар Қазақстанның барлық аймағынан 100-ге жуық делегат келді.

Елордамыз Астанада тұратын 150-ге тарта қаламгердің барлығы да Еуразиялық әдеби форумға қатысты.

2018 жылғы 2–3 шілде күндері «Жібек жолы бойындағы астаналар қаламгерлері» форумын Астана әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырдық. Оған 25 елден жазушылар келді. Олжас Сүлейменов пен Мұрат Әуезов, Ұлықбек Есдәулет, Есенғали Раушанов сынды қазақ қаламгерлері басқарып, жүргізді. Астананың 20 жылдығына арналған халықаралық Поэзия фестивалі, Евразия жазушылары форумы өткізілді. Оған 25–30 елдің қаламгерлері қатысты.

2018 жылдың мамыр айында Талдықорған қаласында Қазақстан Жазушылар одағы мен облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен жас әдебиетшілердің республикалық «Жетісу көктемі» фестивалі өтті.

2018 жылы Қазақстан Жазушылар одағы «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей қалалары мен Ақмола, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы, т.б. облыстарда жұмыс жүргізді. «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасының нәтижесінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 27 жазушының шығармаларын топтастырған 9 кітап жарық көрді.

2018 жылдан бастап Қызылорда қаласында «Мәртебелі поэзия» фестивалі өткізіліп келеді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлескен меморандум негізінде зейнеткер қаламгерлердің 50 пайыздық жеңілдікпен санаторийлерде ем қабылдауына қол жеткізілді.

Қазақстан Жазушылар одағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Германия, Жапония сынды мемлекеттерде әдеби шаралар өткізді және әдеби-мәдени-ұлттық көрмелер ұйымдастырды.

«Жаңа заман Әзірбайжан поэзиясының антологиясы» атты кітап шығардық. Астана, Алматыда тұсаукесер жасалды.

«Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» деген кітап әзірбайжан тілінде шығып, аталмыш жинақтың тұсауы Баку қаласында кесілді.

Мадрид қаласында «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» классик ақын Хусто Хорхе Падронның аудармасымен испан тілінде жарық көрді. Тұсауы Мадридте және Астанадағы Испан Елшілігінде кесілді. Жазушылар одағының ұйымдастыруымен 20 жас ақын демеушілік қаржымен Испанияға барып, презентацияға қатысып қайтты.

2019 жылғы 4–6 қыркүйекте Қазақстан Жазушылар одағы Президент Әкімшілігінің қолдауымен «АЗИЯ ЕЛДЕРІ қаламгерлерінің І Форумын өткізді. 1973 жылдан бері елімізде өтіп көрмеген мұндай халықаралық аса ірі форум Қазақстанның халықаралық имиджінің өсуіне ықпал етті. Форум жұмысына 5 Нобель номинанты қатысты. Форумда «Үлкен Азия» сыйлығы тағайындалды.

Форум кезінде 11 елдің Жазушылар ұйымдарымен екіжақты меморандумға қол қойылды.

Форум қарсаңында Президент Қ. К.Тоқаевтың алғысөзімен «Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» атты 13 ақынның шығармаларынан тұратын антология жарық көрді.

Бұл іргелі шара 4–6 қыркүйек аралығында болды. Азия форумына ҚР Президенті Қ. К.Тоқаев қатысты.

2019–2021 жылдары «Тарихи-әдеби өлкетану» жобасы қолға алынып, Түркістан, Ақмола, Маңғыстау облыстарында, Алматы қаласында тиісті жұмыстар жүргізілді. «Тарихи-әдеби өлкетану» жобасы аясында қаламгерлеріміз облыстарды аралап, тарихи шығармалар жазды.

2019 жылы Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «Жастар форумы» өтті. Форумда жас қаламгерлерді Одаққа қабылдап, шеберлік сабақтары өтті.

2019 жылдан Жазушылар одағының өтінішімен Атырау облысында Ж.Нәжімеденов пен Ғ.Сланов атындағы 10 сыйлық тағайындалды.

2019 жылдан Шығыс Қазақстан облысында «Абай әлемі» атты сериямен жергілікті қаламгерлердің кітаптары жарық көріп келеді. Қазірге дейін 200-ге тарта томдар жарыққа шықты. Мұнда «Төр Алтай жырлайды» атты әдеби фестиваль жүйелі түрде жыл сайын өткізілуде.

2019–2020 жылдары ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қазақ қаламгерлерінің қасиетті ордасы – Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың Мәжіліс залы орналасқан жағына күрделі жөндеудің жобасы бекітілді.

2019 жылы Қазақстан Жазушылар одағының 85 жылдық тойына орай, «Әдеби өмір: фото-шежіре» альбомы, үлкен «Қазақстан жазушылары анықтамалығы» жарық көрді.

2019 жылы Парижде, Лондонда, Мадридте, Мәскеуде және Каирде «Қазіргі қазақ прозасы мен поэзиясы антологиясының» 2 томдығы БҰҰ жетекші алты тілінде шығарылып, сол қалаларда тұсаукесері өтті. Бұл тұсаукесерлерге жоба жетекшісі А.Ғ.Балаева (ПӘ), А.Елгезек (ҚЖО), Р.Кенжеханұлы («Ұлттық аударма бюросы») және Ұ.Есдәулет (Каирде) қатысты. Пекинде пандемияға байланысты өтпей қалды.

2020 жылы 14 ақпанда Алматы қаласында ҚР Мемлекеттік хатшысының қатысуымен «Қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасының» алты тілдегі антологиясының тұсаукесері өтті.

2020–2021 жылдар аралығында бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індетіне байланысты мерекелік жиындар онлайн форматта өтті.

2020 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының қатысуымен, Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен «Әдебиет. Рух. Қоғам» атты республикалық форум өтті. Форумда 10 номинация бойынша сыйлық тағайындалуы дәстүрге айналды.

Шымкент қаласында 2020 жылы «Мәртебелі поэзия мінбері» атты әдеби алаңы ашылды. Онда Поэзия кештері дәстүрлі түрде өтуде.

2021 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының мұрындық болуымен Батыс Қазақстан облысында 10 номинация бойынша сыйлық тағайындалды. Бұл да жыл сайын жалғасын табуда.

Жазушылар одағының ұсынысымен Семей аэропорты Абай атына ие болды.

Жазушылар одағы ұсынысы бойынша Президент Қ. К. Тоқаев өз Жарлығымен «Абай күнін» белгіледі. Семей қаласында, бүкіл Қазақстан мектептері мен кітапханаларында Абай оқулары дәстүрлі түрде өтетін болды.

Петропавл қаласында Мағжан күндері, Нарынқол мен басқа қалаларда, аудандарда Мұқағали оқулары өтуде. Мұндай шаралар барлық облыстар мен аудандарда ұйымдастырылуда.

Астанада «Қаламгерлер аллеясын» ашу, сол жерде Үш арыс – Сәкен, Ілияс, Бейімбетке және Алаш көсемдері – Әлихан, Ахмет, Міржақып ескерткіштерін ашуға да Жазушылар одағы мұрындық болды. А. Байтұрсыновтың Алматы қаласындағы тозып кеткен мұражай үйін жеке меншіктен қала әкімдігінің құзырына өткізуге, күрделі жөндеу жұмыстары жасалуына да түрткі болды.

Алматыда тұратын 400 жазушының кітаптарын шығару, әрқайсысына жыл сайын қала әкімінен дәстүрлі түрде 500 мың теңгеден стипендия берілуі де – Жазушылар одағының ұсынысымен болып жатқан шаруалар.

Жаңадан ашылған Түркістан, Абай, Ұлытау, қайта ашылған Алматы, Жетісу облыстарында Жазушылар одағының филиалдары жұмыс істеп жатыр.

«Қазақстан – Ресей» әдеби-көркем альманагы 4 рет жарық көрді.

«Қазақстан – Беларусь» атты альманах та шығардық.

Жамбылдың мерейтойына арналған 30 томдық жинақ жарық көрді.

Жастарға арналған «Алтын тобылғы», «Алтын сақа», «Айтұмар», «Ұлы дала» («Аманат» партиясымен бірге) конкурстарын жыл сайын өткізіп жүрміз. Биыл «Ұлы дала» конкурсы еліміздің аудандарынан басталып, облыстарында өтіп, республикалық байқаумен аяқталатын болады.

Қазақстан Жазушылар одағының тікелей араласуымен «Жібек жолы» бойындағы ежелгі 3 қаламыз – Алматы, Түркістан, Тараз туралы 3 тарихи кітап жазылып, қытай тіліне аударылып, Президент Қ. К. Тоқаевтың алғысөзімен Пекин қаласында «Синсинь» (Жаңа жұлдыз), Астана қаласында «Фолиант» баспасынан жарық көрді. Енді Шанхай ынтымақтастық ұйымының басшылығы бұл кітаптарды орыс тіліне аудартып, өзіне мүше елдерге тарататын ниетін хабарлады.

Бұл 3 кітаптың тұсаукесері жақында 23 сәуір күні Астанада өткен Халықаралық кітап көрмесінде болды. Оған ҚР Мәдениет министрлігінен, Қытайдан және 3 қаладан өкілдер қатысты.

Бес жылда атқарылған бұл іс-шаралар ҚР Президентінің Жолдауларына, мемлекеттік бағдарламаларға орай, Президент әкімшілігімен, министрліктермен, ұлттық компаниялармен, барлық облыстардың әкімдіктерімен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет жақында Анкарада Түріксой ұйымы құрған Түркі елдері Жазушылар одағына да Төраға болып сайланды. Бұл Одақты құрған негізгі 6 түркі елдеріне қоса, осы Түріксой Жазушылар ұйымына мүше болуға түркі тілдес 15 елдің Жазушылар одағы ниет білдірді.

Дереккөзі: Дат гәзеті

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371