Халықтың айлық табысы 5 жылда қалай өзгерді?
Бес жыл ішінде қазақстандықтардың жалақысы 90% - ға өсті. Бұл туралы LS жазады.
Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, 2018 жылы орташа айлық жалақы 162 267 теңге, 2019 жылы 185 487 теңге, 2020 жылы 212 634 теңге, 2021 жылы 248 791 теңгеге жетті. Ал 2022 жылы 308 033 теңгеге бір-ақ көтерілген.
Осылайша, халықтың табысы бес жыл ішінде 89,8% - ға артқан.
Ең жоғары орташа жалақы қаржылық және сақтандыру қызметінің жұмысшыларына беріледі. Мәселен, олар 2018 жылы 333,6 мың теңге, 2019 жылы 367,9 мың теңге, 2020 жылы 387,3 мың теңге, 2021 жылы 461,6 мың теңге, 2022 жылы 551,7 мың теңге жалақы алған.
Кәсіби ғылыми және техникалық қызмет саласында еңбек ететіндер 2018 жылы орта есеппен 284,5 мың теңге алса, 2022 жылы 449,8 мың теңге алған.
Ақпарат және байланыс қызметкерлері бес жыл бұрын 235,1 мың теңге, ал өткен жылы айына 433,6 мың теңге табыс тапқан.
Өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейтіндердің айлық табасы төмен. 2018 жылы олардың орташа айлық жалақысы 127,4 мың теңгені құрады. 2019 жылы 148,6 мың теңге, 2020 жылы 162,4 мың теңге, 2021 жылы 155,4 мың теңге, ал өткен жылы 186,5 мың теңге табыс тапты.
Abai.kz