Хорваттардан үйренеріміз көп
Жуырда Алматыда Хорватияның Қазақстандағы Құрметті консулы бекітілді. Бұл мәртебелі атаққа алйық деп табылған - Еркін Исраилов мырза. Бұған дйін Хорватия Сауда Палатасының Орталық Азиядағы өкілі міндетін атқарып келген Еркін ДәулетұлынаХорватия Сыртқы істер вице-министрі Йошко Клисович мырза сенім хат табыс етті. Салтанатты шарада ол ҚР Президенті Н.Назарбаевтыңөз еліне ресми сапармен келетінін жеткізді. мәлімдеді. Ал ҚР СІМ Алматыдағы өкілі Игорь Мусалимов сауда-экономикалық қатынасына қатысты сөз қозғады: «Екі мемлекеттің шалғай орналасқанына қарамастан, сауда айналымы жыл өткен сайын ұлғайып келеді. 2012 жылы тауар айналымы 15,8 миллион долларға тең болды». Әлбетте, бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын арта бермек.

2013 жылдың 1 шілдесінен бастап Еуропалық Одаққа мүшелікке өтетін Хорватия серіктестік орнатуда Қазақстан үшін өте тиімді. Өйткені Қазақ нарығы үшін хорваттар елі арқылы 550 млн. халқы бар еуропалық нарыққа жол ашылмақ. Еркін Дәулетұлының айтуынша, дәл қазір қазақ кәсіпкерлері үшін Хорватиядағы туризм саласы өте қолайлы: «Меніңше, инвестиция салуға туризм, логистика салалары өте тиімді. Хорватияда 7 теңіз порты бар. Олардың көпшілігі бірлесіп жұмыс істеу мақсатында шет мемлекеттерден инвестиция тартуға құлшынып отыр. Еуропаның ортасынан ойып тұрып орын алған Хорватия - қазақ кәсіпкерлеріне өте тиімді серіктес ел». Сонымен қатар хорваттар халал өнім өндіруде де әлем бойынша алдыңғы қатарда тұрғанын отандастардың бірі білсе, бірі білмейді. Халал астың 2 мыңнан астам түрін шығарып, оны Сауд Арабиясы, Иран, Индонезия, Малайзия т.б. мемлекеттерге экспорттайтын хорваттардан қазақтар да үлгі алса, игі. Өйткені, Кедендік Одақ құрылғалы бері ішкі нарықты жаулап алған Ресей мен Беларусь, басқа да шет елдердің өнімі мен тауарымен бәсекеге түсе алмай, дымы құрыған отандық өндірушілер халықаралық тәжірибесі бар елдерден үйренгені абзал.
Қазақстанмен серіктес болуға хорват кәсіпкерлері де мүдделі. Өткен аптада Астанада өткізілген бизнес-форумға олардың 37 компания өкілдері қатысып, қазақ әріптестерімен жақын танысты, келешкке ортақ жоспарлар құратын боп шешті. Демек, арадағы ынтымақтастық нығая бермек. Бүгінде хорваттардың бірнеше компаниясы біраз жылдан бері елімізде еңбек етуде. Бұл туралы Еркін Исраилов мырза: «Dalekovod фирмасы Қазақстандағы өкілдігін ашып, KEGOC компаниясының тапсырысы бойынша электр желілерінің жүйесін құруда ат салысты. Бұл кәсіпорын жоғары вольтті электр қуатын тасымалдаумен айналысады. Кезінде Қарағанды-Көкшетау, Қарағанды-Жезқазған арасына электр желісін тартуға атсалысты. Хорват компаниялары емхана, мектеп сияқты әлеуметтік маңызы жоғары құрылыс нысандарын өте сапалы салуда. Кеңестік кезеңінде (Югославия құрамында болғанда) көптеген емхананы хорваттар салған. Сондай-ақ, Concept 90 деген тағы бір кәсіпорын теннис корттарын салуда әлем бойынша бірінші орынды иемденеді. Осы компания әп дегеннен Қазақстанда 330 теннис алаңын салуды жоспарлаған еді. Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Шымкент, Павлодар т.б. қалаларда оншақты теннис корты бой көтерді. Бұл Қазақстанның абыройы мен беделін әлемдік тұғырлардан көрсететін теннисші жастарымызды қалыптастыруға және спортқа жаны құмар, әрі дені сау ұрпақты көбейтуге сеп болары анық», - дейді.
Н.Бисенова
Abai.kz