Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 2889 8 пікір 6 Мамыр, 2023 сағат 15:46

Санкция: Қажыгелдин АҚШ-қа жол жүреді...

Қиырдағы қазақ оппозициясы сыртқа кеткен активтерді қайтару мәселесін мықтап қолға алмақ.

Назарбаев кланымен жалаң қолмен күресу қауіпті. Бұған Уашингтонның пәрмені мен демеуі қажет.

DALA INSIDE-қа жеткен ақпар бойынша Қазақстанның экс-премьеры, ширек ғасыр бойына қиыр қонып, шет жайлап жүрген Әкежан Мағжанұлы мамырдың ортасында АҚШ астанасына жол тартады.

Ақ үйдегі ықпалды тұлғалармен жүздесуді жоспарлап отырған Қажыгелдин Назарбаевтың төңірегі, соның ішінде экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа санкция салуды табанды түрде талап етпек.

Аталған тізімде атышулы «Майшеке», Александр Машкевич те бар.

Қолды болған активтерді қайтару қорын (KIAR) құрған Қажыгелдин мықты лоббистке мұхтаж. Бұл іске Конгрестің назарын аудару оңай болмайды.

Әкежанның командасы Уашинтондағы саяси ортада әжептәуір салмағы бар Жозеф Славиктің тамырын басып көрмек.

Славик Scribe Strategies & Advisors лоббистік компаниясының жетекшісі.
Қажыгелдинмен бұған дейін де контакт орнатқан.

Экс-премьердің 2021 жылдың желтоқсанындағы Уашингтон сапарына Славиктің септігі тиген. Сол жолы Әкежан бастаған қазақ оппозициясы Конгресс мүшелерімен қауқылдасқан болатын.

Жозефтің Қазақстанмен байланысты басқа да жұмысы жетіп артылады.

Қазір ол Болат Назарбаевқа алданып қалған испан инвесторлары Нервиса Герардо и Торрес Морананың активтерін қайтара алмай мұрнынан шаншылып жүр.

Жозекең АҚШ-тағы Шетел активін қадағалау кеңсесіне (OFAC) барып Бөкеңнің үстінен арыз түсірген.

Лондонда тұратын Қажыгелдинмен Қазақстандағы оппозиция өкілдері тұрақты байланыста. Қажыгелдиннің "Қазақ активтерін қайтару" (KIAR) қоры мен Болат Әбіловтың "Елге қайтару" ұйымы етене байланыста жұмыс істейді. Бутяның сенімді адамы, қаржыгер Оразалы Ержанов сәуірдің соңында Британ астанасына барып, Әкежанмен әңгіме-дүкен құрған.

KIAR-ға көмек қолын созған құрылымдардың ішінде британ ізкесері, Орта Азиядағы автократтарға тиесілі шетелдік активті тіміскілеп жүретін Стивеном Фитцджон бар.

Фитцджонның Ventham Consulting компаниясы Қажыгелдинге Назарбаевтың құпия капиталы туралы мәлімет жіберіп тұрады. Әрине, тегін емес.

Әкежан мырзаның айтуынша Назарбаев әулетінің ел көзінен таса, астыртын алып шыққан активінің құны 100 млрд доллардан асып жығылады.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371