Арон АТАБЕК: «Менің бостандыққа шыққан бір өлеңім, мақалам, кітабым - құдды, бірден төңкеріс жасайтын сияқты»
БІРІНШІ ХАТ
Арқадан сәлем!
Армысыз қадірлі Сағат аға! Бүгін Сізден бірден екі хат (біреуі 20.11.2012 жылы, екіншісі - 06.04.2013 жылы.) алып аса қуандым. Өзіңіз дін аман, деніңіз сау, саясаттағы ұстанымыңыз берік, творчестволық жұмыстарыңыз жалғасуда екен. Ылайым солай болғай!
БІРІНШІ ХАТ
Арқадан сәлем!
Армысыз қадірлі Сағат аға! Бүгін Сізден бірден екі хат (біреуі 20.11.2012 жылы, екіншісі - 06.04.2013 жылы.) алып аса қуандым. Өзіңіз дін аман, деніңіз сау, саясаттағы ұстанымыңыз берік, творчестволық жұмыстарыңыз жалғасуда екен. Ылайым солай болғай!
Қаражалдан шығар кезде (қазан 2012 ж) тура солай 2 хат бірдей алып едім - жауабымды алдыңыз ба? Пересылкада (Астанада) отырғанымда, Сізден 2 мың единица көрдім, рахмет. Телеграммаңыз да жетті. Дискілер (4) - тәркіленді. Осының бәрін тәптіштеп жазып отырған себебім - байланыс тұрақты болмаған соң кеткен-жеткен нәрселерді қадағалағанымыз жөн сияқты. Әсіресе, осы «крытканың» жағдайында. Себебі мұнда ЦЕНЗУРА аса қатты, жай хаттарымды (саясат туралы бір сөз жоқ!) ТӘРКІЛЕП тастайды. Менің оншақты жазылған хатымнан 1-ғана (!) адресатқа анық кеткенін білемін (жауап келді), қалғандары сол КНБ-нің архивінде шіріп жататын болды ғой! Оперлардың маған бір айтқан сөзі бар еді: «Шал, саясат туралы және түрме жайлы ештеңе жазба!» - деп. Онда мен нені жазу керекпін? Қазақтың бір мақалы бар ғой: «Надан ішкен-жегенін айтады, дана көрген-түйгенін айтады!». Мен де хаттарымда осы өмір жайлы, халықаралық жағдайлар жайлы, ҚАЗАҚ ұлтының келешегі жайлы айтқым келеді. Әсіресе, Өзіңіз сияқты көпті көрген, көпті ТҮСІНЕТІН адамға келгенде. Бірақ, ЦЕНЗУРА қолымнан қағады. Бір рет қарсылық көрсетіп едім - бір СӨГІС (выговор) алдым! Қазақтың: «Бас кеспек болса да - ТІЛ кеспек жоқ!» - деген дана сөзі есіме тағы түседі. Бұлар менің Басымды сақтаса да - ТІЛІМДІ (ойымды, сезімімді!) күнде тіліп отыр ғой! Және бұл әрекеттер Ата Заңға қайшы келетіні анық қой. Айтайық: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат АЛУҒА және ТАРАТУҒА құқығы бар» (20 бап). Жақсы жазылған бап - бірақ, нақты өмірде бәрі де қарама-қарсы!
Егер КУИС жүйесінде адам құқықтары туралы Президент Назарбаев қол қойған Евростандарттары сақталғанда мен де ОТРИЦАЛОВО деген мінезімді қойып, мейлі, тағдырым осы ғой деп, тып-тыныш кітап оқып, кітап жазып, сол кітапты еш бөгетсіз бостандыққа жеткізіп, оны интернет және баспаханадан басып шығарып отырар едім! Ал, мұнда хаттар тәркіленеді, телефонды жалпы ұмыт деді, келген кітаптарды біресе өткізеді, көбінесе өткізбейді. ОТОВАРКАНЫ бермейді, ақша шотта болса да! Посылканы келген жоқ деп құрдымға айналдырып жібереді және т.с.с. Салыстырма ретінде: 70 адамды қырып тастаған жауыз Андреас Брейвик, швед білем - 3 бөлмелі камерада, телефоны қолында, компьютері алдында сондай жағдайда отыр ғой! Ал мені, нақақтан-нақақ отырған адамды - тұншықтыра береді, тұншықтыра береді. Менің бостандыққа шыққан бір өлеңім, мақалам, кітабым - құдды, бірден төңкеріс жасайтын сияқты!
Жаныма бататыны сол. Ал, байланыс тұрақты болмаған соң, Сізге бірнеше бұйымтайымды айтып көрейін. 1. Маған Швеция мен Канададан екі хат келіп еді (ағылшын тілінде); екеуіне екі жауап, екі өлең күйінде беріп едім, сол жауап хаттарымды үйге, Асқар деген балама, ағылшын тіліне аударту үшін (ол бала ағылшын тілінің маманы) жіберіп едім, сол хатым жетті ме екен? (26.03.2013).
2. Бақыт Төреғожина атты бір қарындастың адресіне («ТІРЕК» альянсы) бір өлеңімді (Альфия Нақыпбековаға арнау) жіберген едім (03.04.2013 ж) Көрді ме екен?
3. Диас Бейсембек («Рух пен тіл» қоғамы) бауырымыздан хат алып, хат жаздым (19.03.2013) Алды ма екен?
4. Тағы бір Арнау-өлеңімді Сіз арқылы адресатқа жеткізгім келеді (Айып етпессіз!)
МЕД и ГОРЕЧЬ Балли МАЖЕЦ (Польша)
БАЛЖАН - медовая душа, Ах, Балли, Балли, Вас целовали-
Зачем ты вышла за «ин-яза» Чьи-то счастливые уста,
БАЛЖАН - бредовая душа, Ах, Балли, Балли, нас связали -
Меня ты не дождалась, ах, проказа! Честь Нации и Нации судьба!
И про Казаха ты забыла - Цитата: «Чтобы прекраснейшие дети -
А он, Ариец, жить на коленях не умел, Гордились именем Казах,
Восстал он против Азар-быдла- Чтобы прекраснейшие девы -
Народ спасал, в тюрягу сел. Любовь нашли в родных краях!»
Теперь из дальнего, из зарубежья- БАЛЖАН - медовая душа,
Ты шлешь мне пламенный привет Зачем ты вышла за «ин-яза»,
И говоришь обо мне на конференциях- БАЛЖАН - бредовая душа,
Что толку: ты на воле, я в тюрьме! Меня ты не дождалась, ах, проказа!
И голос твой мне ночью нежно шепчет- P.S. С души медовой слизывая мед -
Когда на шконке я мучаюсь без сна, Я запиваю зэковским горьким самопалом,
Что раны сердца время лечит- И НАЦ-ИДЕЯ нас зовет вперед -
И что придет еще весна. Мы должники перед Тенгрирожденным ЧИНГИС-ХАНОМ!
11.03. 2013
Айтар, жазар нәрсе көп. Бірақ мүмкіндік шектеулі. Аман болыңыз, Сәке!
Хат жазушы ініңіз Арон АТАБЕК.
P.S.
Маған хат жазғанда ішіне 1 конверт салып тұрсаңыз. ОТОВАРКА жоқ - кедей боп қалдық!
18.04. 2013 жыл.
ЕКІНШІ ХАТ
Арқадан сәлем!
Армысыз, Сағат аға! Бүгін (22.04 2013 ж) Сізден үшінші хат алдым. Оның алдында (18. 04. 2013) бірден екі хат жетті (Біреуі 20. Х11. 2012 ж., екіншісі - ақпан айы 2013 ж) Жауап жазып жібердім (18.04.2013 ж). Алдыңыз ба? Байланыс өте нашар. ЦЕНЗУРА деген аждаһа үстімізден төніп тұр. «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі; Цензураға тыйым салынады» деген АТА ЗАҢНЫҢ сөзіне қарамастан (20 бап)!
Сіз Қаражалға жіберген кітаптарыңызды да алмадым, тек қана хат жетті, оған жауап жаздым (қазан айы 2012 жыл), оны да алмаған сияқтысыз. Ата-бабамыздың: «Бас кеспек болса да - ТІЛ кеспек жоқ!» деген ғана сөзі есіме қайта-қайта оралады. Өзіңіз айтқандай, біз сияқты турашыл, шыншыл адамдардың Сөзінен бұл қандықол билік ҚОРҚАДЫ! Сол үшін мені Екінші рет Арқалыққа келіп ПЛС деген («Пожизненное лишение свободы!») жерге қайтадан қамады! Ал, ПЛС деген жер («локальный участок») - түрме ішіндегі түрме, орысша айтсақ - «подводная лодка в степях Казахстана» Орысшаға ауысып кететінім бар, айып етпессіз. Мен өзім Астрахан қаласынан 70 шақырым жердегі құйттақандай ауылда (қазақ-орыс-қалмақ-кавказдықтар аралас!) туып өстім. Алты жасымда мектепке барғанда, орысша зорға сөйлейтін едім, ал 10 жылдан кейін қазақ тілімді ұмытып, таза «мәңгүрт» боп шыға келіппін! Мінеки, ОРТА дегеніміздің әсері қандай! Ал, 18 жасымда, «қазағым, қайдасың деп!» - Алматыға тарттым. Себебі, біздің (Астрахан облысында, кейін ауылымыз Қалмақ республикасының құзырына көшті) көп ұлтты жағдайымызда ҰЛТ СЕЗІМІ, Ұлт намысы ерте оянады. Қазірдің өзінде Астрахан облысында 3 аудан түгел дерлік Қазақ, бұрын қазақ мектептері болған, қазақ тілінде газеттер шыққан. Жалпы, КӨНЕ ҚАЗАҚ жері ғой, АЛТЫН-ОРДАНЫҢ кіндігі! Ал, біз өскен шақта бәрі жабылған, қазақ жастары орыстілді боп кеткен. Сондықтан, Алматыға (о кезде Алма-Ата) кеткен себебім, қазақтың Қаймағын көрейін деп, «натуральный қазақ» қандай екен деп көргім келгені. Бірақ, Алматының жағдайы Астрахан жағдайынан артық емес екен. Алматыда жүріп қазақ тілін үйреніп алу о кезде (70-80 ші жылдары) оңай шаруа емес болды. Өзім бар жігерімді салып, басқасының бәрін қойып - зорға қазақ тілін меңгеріп алдым, әлі де жетік емеспін, оны мойындаймын. Бірақ, әрбір орысша оқыған, мен өзім «ШАЛА ҚАЗАҚ» деген (намысқа тиетін мазақ!) ОРЫСТІЛДІ бауырларымызға кешіріммен қараймын, олардың жағдайын түсінемін. «Қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - Домбыра!» - деген бір ақынымыздың сөзі бар ғой. Мен бұл идеяны басқаша айтар едім: «Қазақ қазақ тілі емес - нағыз қазақ Қазақ жүрегі!». Себебі, Совет империясына қарсы өрбіген ұлт-азаттық қозғалыста (Сіз өзіңіз де сол қозғалыстың ортасында болдыңыз!) қаншама орыстілді жігіт-қыздар жанын берді, қозғалыстың алдыңғы шебінде болды! Ал, қазақтілді интеллигенциямыз түгел дерлік Совет кезінің өзінде Назарбаевты жақтады немесе жалған ұлтшыл ұрандар тастап, революция әрекетінен халықты алдарқатып, жасырын күйде, (тегін емес, әрине) сол билікке жұмыс істеп жүрді. («Азат» партиясын айтам!) Қазір де дәл солай.
Жалпы, «Шала қазақ» деген ат қойып, орыстілді қазақтың бетіне түкіру - бұл Қазаққа қарсы саясатттың бір көрінісі. Бұл біртұтас Қазақты екіге бөлу, бір-біріне айдап салу деген жымысқы әрекет. «Қазақ тілі жанашырларымыз» деп орыстілділерді кеудесінен итеретін, жалған геройлар көбейіп кетті. Кейбіреулер тіпті ұлы бабамыз Шыңғыс ханның әруағын қорлап, арзан саяси ұпай жинайтын болды. Осы орайда Мұхтар ағама арнаған бір эпиграммам бар еді:
Он вопиет о гибели Отрара -
И Чингис-хана беспокоит вещий прах,
Но где ж он был, когда ломали дом «Бакая» -
И где ж он был, когда горел «Шанырак»?!
Қазаққа, негізінен, «Қазақ тілі жанашырлары емес - «Қазақ халқын ҚОРҒАУШЫЛАРЫ» керек! Және «Халифат» солдаттары емес - «Қағанат ЕРСЕРІЛЕРІ» керек. «ЕРСЕР» сөзі, қазіргі тілмен айтсақ - «Ер-серілері», осы түбірден алынған - «Рыцарь» сөзі.
Сәке, Сіз өзіңіз «натуральный қазақ» болған соң, бұл менің сөздеріме ренжіп қалуыңыз да мүмкін. Бірақ, ащы шындық - осы. Қазақты екіге бөлуге болмайды. Қазақ қазақ болса болды, қаны қазақ болса болды - Тілді кейінірек үйреніп алар. Ең басты мәселе - Қазақ қаны, қазақ тұқымы, Қазақ Геносы (Гены!). Бас кетер шақта шашты ойлайтын кім бар? Қазақ халқы, Қазақ мемлекеті құрып бара жатқанда («Бас»!) - қазақ тілін ойлайтын не ақымақтығымыз бар? («Шаш!). Және Қазақ халқы тұрғанда - Қазақ Тілі ешқашан да өлмейді! Ал Қазақ Халқы аштықтан, жұмыссыздықтан, баспанасыздықтан, оған Билік оқ атқандықтан, бульдозермен басқандықтан ыдырап кетсе, физически құрып кетсе, сонда Қазақ тілі қалай жанданады? Жалпы, бүгінгі таңда Қазақ тілі мәселесін көтеру - бұл саяси күрестен, өміршең қажеттілігі бар Ұлы АЛАШ Революциясынан халықты ауытқыту, алдарқату деген биліктің жымысқы саясатының бір түрі!
Сәке, саясат жағына қатты бұрып кеттік білем. Оперлер маған талай ескертетін еді: «Шал, саясат жайлы, түрме жайлы ештеңе жазба!» - деп. ЦЕНЗУРА деген погон таққан Аждаһа хатымды тағы да өткізбей тастайды, білем! Амал қанша. Біз бәрібір, «жауап» алмасақ та, бір-бірімізге «нартәуекел» деп хат жаза беретін болдық қой. Аман болыңыз, АҒА!
Хат жазушы ініңіз Арон Атабек. 22.04. 2013 ж.
P.S.
Рүстем қазір Семейде, Ерғанат Таразда, Құрман Шымкенттің түрмесінде еді (2012 жылғы қазан айында түскен мәлімет бойынша)
Abai.kz