Жексенбі, 11 Қазан 2026
3009 0 пікір 12 Мамыр, 2023 сағат 16:40

Измирде атыс болып, 5 адам көз жұмды

Түркияның батысындағы Измир қаласындағы кофеханада атыс болып, кем дегенде бес адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды  UniIndia сайты. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, екі топ ер адам Мендерес ауданындағы кофеханада ақша, қарыз мәселесін талқылау үшін кездескен. Алайда кездесу атыспен аяқталып, бес адам қаза тапты, тағы екеуі жарақат алды.

Оқиға орнына бірнеше полиция көлігі, сондай-ақ бірнеше жедел жәрдем бригадасы келді. Оқиға аудан тұрғындары арасында дүрбелең тудырды.

Тергеу жүріп жатыр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 935
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1254