Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 3510 31 пікір 13 Мамыр, 2023 сағат 17:37

ОА және Қытай саммиті: Тоқаев қытайша сұхбат берді...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев CCTV арнасына берген сұхбатында Тайуанды Қытайдың бір бөлігі деп атады.

«Біз бұл әлемдегі барлық адамға айдан анық мәселе деп есептейміз. «Екі Қытай» болмауы керек. Тайуан Қытайдың бір бөлігі. Барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығы принципі Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген. Ереже сақталуы керек», – деді Тоқаев.

Мемлкет басшысы аталған қағиданың Шанхай ынтымақтастық ұйымының декларациясы мен Жарғысында да белгіленгенін еске салған.

«Сондықтан мен тағы да бір рет атап өткім келеді. Тайуан Қытайдың бір бөлігі. Және бұған еш күмәніміз жоқ», - деді Тоқаев.

Дегенмен былтыр ғана Петербор жиынында президент Тоқаев Қазақстанның «ЛХР» мен «ДХР» деген Ресей оккупациялап алған аймақтарына қатысты ұстанымын айта отырып:

«Біз Тайуанды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетия мен Абхазияны да мойындамаймыз. Сол принциппен Луганскі мен Донецкі дейтін квазимемлекеттік территорияларды да мойындамаймыз», - деген еді.

Батыс сарапшылары дәл қазір Қытайдың Орталық Азия елдеріне ықпалы жоғарылап бара жатқанын айтады.

«Қытай Орталық Азия елдерін логистика мақсатында қолдануда. Қазақстан аймағы арқылы Каспийге шығып, Еуропаға тағы бір жолды салуда. Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысын бастады. Бұның барлығы дерлік Ресейді аймақтан ысырып, экономикалық үстемдігін күшейту амалдары»,-дейді сарапшылар.

Айта кетейік, 9 мамырда Мәскеуде парадқа барып келген Орталық Азяи елдерінің басшылары енді Қытайға жол тартпақ.

16-20 мамыр күндері Қытайда «Орталық Азия және Қытай» форумы өтеді.  Онда аймақ елдерінің Қытаймен байланысын күшейту мәселесі талқы болып, бірқатар құжаттарға қол қойылмақ.

«Қытай Халық Республикасы төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуы бойынша Қазақстан президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 16-20 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен келеді», — дейді Қытайдың СІМ арнайы өкілі.

«Орталық Азия және Қытай» саммиті 18-19 мамырда, Сиань қаласында өтпек. Батыс сарапшылары Қытай ұрымтал сәтті пайдаланып, ОА-дағы өз ықпалын арттыра түседі, ал Ресей оған қарымта жауап қайтаруға қауқарсыз деген ойда.

 

Abai.kz

31 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443