Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2289 0 пікір 16 Мамыр, 2013 сағат 05:45

Н.НЫҒМАТУЛИН: ӘРБІР ЖАҒДАЙ ӘДІЛЕТТІ ШЕШІЛУ ҮШІН МЫҚТЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ БАЗА ҚАЖЕТ

Астана, 15 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Жаңа енгізілім сот шешімін орындамағаны үшін борышкерлердің жауапкершілігін арттыруды көздейді. Сонымен қатар, заңнамалық актілердегі олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға жол ашады. Түзетулер осы салада қолданыстағы заңның сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін жағдайларын жойып, сот орындаушылардың құқын күшейтуге мүмкіндік береді.

Осы мәселе бойынша қорытынды жасай келе, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Біз сот орындаушылардың өкілеттіктерін күшейткен кезде, олардың борышкерлерге де ықпалының артатынын ескеруіміз керек. Сондықтан бұл жерде шаш ал десе, бас алатын жағдай болып кетпесін. Әрбір нақты жағдайдың артында адам тағдыры  тұрғанын ешқашан естен шығармау керек және сот орындаушы өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен биліктің абыройына нұқсан келтірмеуге тиіс. Сондықтан, әрбір жағдай әділетті шешілу үшін мықты заңнамалық база қажет».

Суретке түсірген Сайлау Майлыбаев. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі  Аппаратының баспасөз қызметі таратты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401