Сингапур Қазақстанға қанша инвестиция құйды?
2022 жылы Сингапурдан тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 400 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2005-2022 жылдар кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш. Өсім 2021 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Сингапурдың ТШИ жалпы көлеміндегі үлесі – 1,4%. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі ресми сайтында жазды.
Ведомствоның мәліметінше, ҚР-дағы Сингапур тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі толқынды сипатқа ие. Мысалы, 2016 жылы ТШИ ағыны 2015 жылмен салыстырғанда 19 есеге 180 млн. АҚШ долларына дейін өсті және 2018 жылы 21,6 млн. АҚШ. долларына дейін төмендеді. Осындай жағдай 2019-2021 жылдары болған еді – 2019 жылы 169,5 млн.АҚШ доллары және 2021 жылы 67,2 млн. АҚШ доллары болды.
Айта кетейік, сингапурлық компаниялар отандық инвесторлармен бірге Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыруға қатысып жатыр. Сондай-ақ, «Kazakh Invest» ҰК ақпараты бойынша, Сингапурлық Endorama Corporation компаниясы Қазақстанда Фосфорлы тыңайтқыштар өндірісін ашуды жоспарлап отыр (инвестиция сомасы 1 млрд. АҚШ доллары).
Abai.kz