Тоқаев СҚО-ға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды Ақорданың Telegram арнасы.
Президент мұнда өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді.
Сондай-ақ Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.
Ал 2-маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатыспақ.
Abai.kz