Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2684 0 пікір 20 Мамыр, 2013 сағат 09:03

Данияр Есен. Астана тойы: Крутойдың командасынан көз ашпайтын болдық...

Жақында Астанаға тағы да Ресейдің Халық әртісі, пианист Денис Мацуев келіп кетті. «Astana  Piano  Passion»  деп аталатын фестиваль-байқау ұйымдастырды.  Осы фестиваль аясында өзінің жеке концертін берді.

Егер мен қателеспесем, өткен жылы да Астана күні мерекесінде келген сол Мацуев.  2010, 2011 жылдары да келіп кеткен. Жыл сайын келетін болды. Фортепиано десе, ішкен асын жерге қоятын көрерменнің өзі жалықты. «Әлемде басқа пианист жоқ па?» - деп бір-біріне сұрақ қоя бастады.

«Astana  Piano  Passion»  фестивалінің «Қазақстан» орталық концерт залында өткен жабылу салтанатына біз де барып қатыстық. Теледидарға түсірдік. Залда отырған көрермендердің біреуі біздің журналист екенімізді біліп, өзінің ренішін айтты. Сөйтсек, оларды (шамасы мұғалімдер болуы керек) бір автобусқа тиеп алып, 17:00-де басталатын концертке сағат 14:00-де әкеліпті. Ешқайда қашып кетпесін деп, автобустың есігін құлыптап қойыпты. Кейіннен білдік, залда отырған көрермендердің 90 пайызы бастықтарының  нұсқауымен концертке амалдың жоғынан келіпті. Концерт басталғаннан кейін ебін тауып, есіктен шығып кеткен халықта есеп болған жоқ.

Хош делік. Мацуевтің жыры әлі аяқталмай жатып, Астана күнін тойлау күнтізбесін алдық. Ресейлік Крутой расында да «крутой» екен. Түкірігі жерге түспей тұрған  «Игорь Крутойдың командасы» биылғы мерекеде де бір апта бойы кернейлетіп, сырнайлатпақ. Крутойдың жеке шығармашылық кеші өтпек. Орыстың әнін әуелетіп жүрген Валерия, Александр Серов, Лайма Вайкуле, Николай Басков, Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, Ирина Аллегровалар  қазақ  сахнасында тағы да ән шырқайды. Франциядан Патрисия Каас, Түркиядан Таркан келмек.

Егер Мәскеу қаласының мерейтойы болса, Кремль немесе «Олимпийский» сарайларында біздің Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаевалар ән айтар ма екен? Қайдам ... Ресей ондай қонақжайлылыққа бара қоймас-ау ...

Сонда бұл концерттердің қазаққа қандай пайдасы бар? Жарайды, Астана күнін тойлама демейік, тойлайық, бірақ жыл сайын Крутойларды, Мацуевтерді  шақыра берудің керегі бар ма?

Журналистердің басын қосып, Үкіметке бір Үндеу тастайтын кез келген сияқты.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364