Қаржы полициясы: Білім және ғылым вице-министрі ұсталды
2013 жылғы 29 сәуірде Қаржы полициясы агенттігі Өскемен қаласындағы 700-орындық оқу мекемесінің құрылысы барысында 1,5 млрд.теңге бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ағымдағы жылғы 14 мамырда аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі С.Шаяхметов және «Салынып жатқан ҚР білім және ғылым объектілерінің дирекциясы» ЖШС бас директоры А.Пак ұсталды.
17 мамырда сот санкциясымен Шаяхметов үй қамауына, Пак қамауға алынды.
Бұдан бұрын аталған қылмысқа қатысы бар деген айыппен «ЗАК Сервис» ЖШС бұрынғы бас директоры Р.Киреев қамауға алынған болатын.
Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.