Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Әне, көрдің бе? 2976 3 пікір 31 Мамыр, 2023 сағат 13:24

Қырғызша білмесең, қызметке тұра алмайсың!

Қырғызстанның мемлекеттік қызметшілері қырғыз тілін меңгеруге міндеттелді.

Мемлекеттік және муниципалдық қызметкерлер, депутаттар, әскери қызметкерлер, судьялар, барлық меншік нысанындағы оқу орындарының, мемлекеттік және муниципалдық денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, педагогикалық және ғылыми қызметкерлер және басқалар енді заң бойынша қырғыз тілін орта деңгейде (В1) меңгеруге және оны қызметтік міндеттерін орындау кезінде қолдануға міндетті.

Сонымен қатар, телерадиокомпаниялар контентінің жартысынан көбін қырғыз тілінде ұсынуға міндетті.

Сонымен бірге, веб-сайттарда қырғыз тіліндегі ақпарат басқа тілден кем емес мөлшерде шығарылуы керек.

Қырғызстан Конституциясына сәйкес қырғыз тілі мемлекеттік, орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие.

Ал біздегі мемлекеттік тілдің ахуалы қалай? Ой-пікірлеріңізді ортаға салыңыздар, оқырман!

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963